Жаңалықтар

АЙТЫЛДЫ – ОРЫНДАЛДЫ: ОЙЫН АЛАҢШАСЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

«AMANAT» партиясы Шымкент қаласы Тұран аудандық филиалына қала тұрғыны Қалдыбек Тұрбаев өтінішпен жүгініп, 4-шағын аудандағы №28 көпқабатты тұрғын үйдің ауласындағы балалар ойын алаңшасына қатысты мәселені көтерді. Оның айтуынша, ойын элементтері әбден тозып, жарамсыз күйге түскен. Бұл жағдай балалардың қауіпсіз ойнауына үлкен қатер төндіріп тұрған болатын.

Азаматтың өтінішін назарға алған Тұран аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы Есімхан Бертаев мәселені жедел түрде аудандық әкімдікке жолдап, тиісті шаралардың қабылдануын қамтамасыз етті. Бұл әрекет партияның халыққа жақын болуға және әрбір тұрғынның мәселесіне дер кезінде жауап қайтаруға деген ұмтылысын айқын көрсетеді.

Қысқа уақыт ішінде аталған ойын алаңшасына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, бүлінген және қауіпті жерлер қалпына келтірілді. Енді балалар үшін қауіпсіз әрі жайлы орта қайта қалыптасты. Ойын алаңшасының жаңартылуы тұрғындар арасында үлкен қуаныш пен ризашылық тудырды. Бұл шара балалардың дамуына оң әсерін тигізіп, ата-аналарға алаңсыз көңіл бөлуге мүмкіндік береді.

Өтініштің дер кезінде орындалғанына риза болған Қалдыбек Тұрбаев:
– Балаларымыздың амандығы үшін алаңдаған жайымды ескеріп, нақты іс жасағандарыңызға шын жүректен алғыс айтамын. Осындай істер қоғам мен билік арасындағы сенімді арттырады, – деді.

Бұл – «AMANAT» партиясының халық үнін дер кезінде тыңдап, шынайы нәтиже шығаруға бағытталған жұмыстарының нақты көрінісі. Тұрғындардың өтініштері мен талаптарына жедел әрі тиімді әрекет ету арқылы партия өз қызметінің нәтижелілігін дәлелдеп келеді.

Қоғамдық пікір мен тұрғындардың талаптарын ескеріп, нақты өзгерістер жасау – бұл партияның басты міндеті. Осылайша, «AMANAT» партиясы Шымкент қаласында қала тұрғындарына деген жанашырлық пен оларға деген қамқорлықты өз жұмысының негізгі бағыты ретінде көрсетіп келеді. Бұл бастамалар болашақта да өз жалғасын табатыны сөзсіз, әрі қала тұрғындары үшін жайлы, қауіпсіз орта қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.

ШЫМКЕНТТЕ ЖАЗУШЫЛАРДЫҢ МӘРТЕБЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Алдыңғы

ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫНА ГАЗДЫ ҚАУІПСІЗ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛУДЕ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *