Жаңалықтар

Әлеуметтік мәселелерді шешу жолында халықпен тұрақты байланыс орнату

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының міндетін атқарушы Ербол Байқонысов «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдау барысында тұрғындар негізінен жұмысқа орналасу және баспанаға қатысты көкейдегі мәселелерін көтерді.
Әрбір азаматтың өтініші жеке-жеке тыңдалып, заң аясында нақты жауаптар мен түсіндірмелер берілді. Партия өкілдері халықпен тікелей байланыс орнату арқылы әлеуметтік түйткілдерді жедел шешуге ықпал етіп келеді.
Айта кетейік, Шымкент қаласында бүгінде 6 қоғамдық қабылдау бөлмесі жұмыс істейді. Оның біреуі қалалық деңгейде болса, қалған бесеуі аудандық деңгейде тұрғындарға қызмет көрсетіп отыр.
6 айда жалпы саны 4720 өтініш тіркелген. Оның ішінде 81 пайызы оң шешімін тапса, 18 пайызы бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілген, ал 1 пайызы бақылауға алынды.
Сондай-ақ, қоғамдық қабылдау бөлмелерінде 202 жеке қабылдау өткізіліп, 1412 азамат тікелей қабылданған.
«Азаматтардың мұң-мұқтажын тыңдап, нақты әрекет ету – партия жұмысының басты бағыттарының бірі. Біз әрбір өтінішке жауапкершілікпен қарап, тиісті органдармен бірлесе нақты шешімдер қабылдауға тырысамыз», – деді Ербол Байқонысов.
«AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдаулары алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табады.

Қаладағы азаматтардың әлеуметтік мәселелерін шешу – қоғам дамуының маңызды көрсеткіші. Сондықтан партияның осындай жобалары тұрғындармен тығыз байланыс орнатуға, сенімді әрі ашық диалог жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл тәсіл қоғамдық сенімді арттырып, мемлекеттің әлеуметтік саясатындағы оң өзгерістерге жол ашады. Тұрғындардың мұң-мұқтажын тыңдап, қолдау көрсету – тұрақты қоғам қалыптастырудың негізі.

Аль-Фарабийский район — сердце Шымкента: итоги развития за первый квартал 2025 года

Алдыңғы

СЕНАТ ДЕПУТАТЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР САЛАСЫ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *