Жаңалықтар

Шымкент: Әл-Фараби ауданында жаңа аяқжолдар салынуда

Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы аумағында инфрақұрылымды дамыту және тұрғындар үшін жайлы ортаны қалыптастыру бағытында жүйелі түрде жұмыстар жүргізілуде. Бүгін Әл-Фараби ауданының әкімі Маратбек Мықтыбеков аталған аумақтағы бірқатар көшелерді аралап, жүзеге асырылып жатқан абаттандыру және инфрақұрылымдық жобалардың орындалу барысымен танысты.

2025 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, аудан аумағындағы аулааралық және қоғамдық аймақтарда жалпы ұзындығы 2,9 шақырымды құрайтын жаяу жүргіншілер жолдарын (аяқжолдарды) салу жоспарланған. Бұл – тұрғындардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етіп қана қоймай, ауданның көркін арттыратын маңызды жоба.

Қазіргі таңда бұл жұмыстардың алғашқы кезеңі Әлімқұлов және Есіл көшелерінде бастау алып, құрылыс қарқыны жоғары деңгейде жүріп жатыр. Аяқжолдардың заманауи талаптарға сай төселуі, аумақтың абаттандырылуы және жаяу жүргіншілердің қозғалыс қауіпсіздігін арттыру – жоба мақсатының негізгі бағыттары. Қала орталығында орналасқан Әл-Фараби ауданы инфрақұрылым жүйелерімен – ауыз су, табиғи газ және электр қуатымен толықтай қамтылған. Бұл өз кезегінде жаңа жобаларды кедергісіз жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Аудан басшысы бұл жобалардың тек әкімдік тарапынан емес, сонымен қатар тұрғындардың да белсенді қатысуымен іске асырылатынын атап өтті. Әрбір аяқжол құрылысы тұрғындардың ұсыныс-пікірлері мен нақты қажеттілігіне сай жоспарланып, халықпен бірлесіп шешім қабылдау арқылы жүзеге асырылады. Бұл – «тыңдайтын мемлекет» қағидасының нақты көрінісі.

Сонымен қатар, әкім аудан тұрғындарымен кездесу барысында әрбір ұсынысты мұқият тыңдап, олардың талап-тілектерін назарға алды. Аудан әкімдігі тұрғындармен ашық диалог орнатып, олардың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған жұмыстарды жалғастыруға ниетті.

Әл-Фараби ауданын дамыту – бір ғана әкімдіктің емес, барша тұрғындардың ортақ міндеті. Қоғамдық кеңістіктерді жақсарту, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау және қауіпсіздік деңгейін арттыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады. Аяқжолдар салу арқылы қала келбеті жаңарып, аудан тұрғындары үшін ыңғайлы әрі қауіпсіз орта қалыптасады.

Басты мақсат – тұрғындарға жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастырып, өмір сүру сапасын арттыру.

Әл-Фараби ауданы: Жаңа ойын және спорт алаңдары ашылды

Алдыңғы

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ АУДАН АУМАҒЫН АРАЛАДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *