Жаңалықтар

Әл-Фараби ауданы: Жаңа ойын және спорт алаңдары ашылды

Әл-Фараби ауданы аумағында әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында ауқымды жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Осыған орай, бүгін ауданның әскери қалашық бөлігінде көптен күткен балалар ойын және спорт алаңшаларының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл шара жергілікті тұрғындар үшін ерекше қуаныш болып, олардың бос уақыттарын тиімді әрі денсаулыққа пайдалы өткізуіне зор мүмкіндік береді.

Жаңа спорттық алаңдар балалардың дене шынықтыруын арттырып, спортқа деген қызығушылықтарын оятуға бағытталған маңызды нысандар ретінде қарастырылуда. Алаңшалар жас ерекшеліктеріне сай бірнеше функционалдық аймақтарға бөлінген. Оның бір бөлігі — бүлдіршіндерге арналған қауіпсіз ойын алаңы болса, екіншісі — үлкен балаларға арналған спорттық тренажерлер мен шағын футбол жаттығуларына арналған жабық спорттық зал. Сонымен қатар, жоба аясында қойылған шатырлы сәкілер мен орындықтар қалашық тұрғындары үшін демалу мен серуендеуге қолайлы жағдай жасайды.

Салтанатты рәсімге Шымкент гарнизонының бастығы подполковник Сергей Биболатов, Әл-Фараби ауданының әкімі Маратбек Мықтыбеков, жергілікті кәсіпкерлер және әскери қалашықтың тұрғындары қатысты. Өз сөзінде Сергей Биболатов балалардың дамуына үлес қосқан барлық демеушілер мен жобаға қатысқандарға алғысын білдіріп, ынтымақтастықтың әрі қарай да нығая түсетініне сенім артатынын айтты.

Аудан басшысы Маратбек Мықтыбеков әлеуметтік маңызы зор бұл жобаның іске асуы аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға қосылған нақты үлес екенін атап өтті. Ол жаңа спорттық және ойын алаңшалары балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын нығайтуға, белсенді өмір салтын қалыптастыруға ықпал ететінін, сондай-ақ аудан тұрғындары арасында қоғамдық қызмет пен татулықты арттыратынын айтты.

Сонымен бірге, аудан аумағын аралап, тұрғындармен кездесулер ұйымдастырылды. Кездесулер барысында балалар ойын алаңшаларын салу үшін бос жер телімдерін анықтау, көпқабатты тұрғын үйлердің 2025–2026 жылғы жылыту маусымына дайындығы, тұрғындардың жайлы өмір сүруі үшін жаңа аяқжолдар мен қоғамдық кеңістіктер құру мәселелері жан-жақты талқыланды. Тұрғындардың өтініштері мұқият тыңдалып, оларды шешу бағытында нақты жоспарлар құрылды.

Бұл жұмыстар Әл-Фараби ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына, тұрғындардың денсаулығы мен әл-ауқатын жақсартуға бағытталған кешенді шаралардың маңызды бөлігі болып табылады. Аудан әкімдігі мен жергілікті кәсіпкерлердің бірлескен күш-жігерімен жүзеге асырылған жобалар тұрғындар арасында жоғары бағаланып, алдағы уақытта да осындай игі бастамалар жалғасатын болады.

Жаңа балалар ойын және спорт алаңшалары аудан тұрғындарына тек көңіл көтеруге ғана емес, сонымен қатар, отбасылық уақытты сапалы өткізуге, балалардың физикалық және әлеуметтік дамуына үлкен мүмкіндік беретін маңызды орталықтарға айналып отыр. Бұл — Әл-Фараби ауданының дамуы мен тұрғындардың әл-ауқатын арттырудағы зор жетістік.

2025 – ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

Алдыңғы

Шымкент: Әл-Фараби ауданында жаңа аяқжолдар салынуда

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *