Жаңалықтар

Ақмола облысында мемлекеттік қызметшілерге іссапар шығындары өтелмеген

  • ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті қызметшілерді іссапарға жіберу кезінде заңнаманың сақталуына талдау жүргізді.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 57-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік қызметшілерге Үкімет айқындайтын тәртіппен қызметтік іссапарларға арналған шығыстар өтеледі. Мемлекеттік қызметшілерге және мемлекеттік органдардағы келісімшарттық қызметшілерге іссапарда болған уақытына тәулікақы алуға, межелі жерге жету және кері қайту үшін жүріп-тұру шығыстарына, тұрғын үй-жай жалдау шығыстарына Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген кепілдіктер мен құқық қолданылады.

«Алайда, жүргізілген талдау қорытындылары көрсеткендей, мемлекеттік органдар қызметшілердің құқықтарын жүйелі түрде бұзады. Бұзушылықтардың көпшілігі іссапар шығындарын толық емес көлемде өтеумен байланысты, ал кейбір жағдайларда олар бюджет қаражатының болмауына байланысты мүлдем төленбейді» — деп, Департамент басшысы Думан Әбілев мәлімдеді.

Жалпы, жүргізілген талдау нәтижесінде 400-ден астам жағдайда шығыстарды өтеу жүргізілмегені не толық емес көлемде жүргізілгені, қызметшілерге 13 млн. теңгеден астам қаржы төленбегені анықталды.

Департаменттің араласуынан кейін 184 қызметшіге 9 млн.теңгеден астам қаражат төленді. Мемлекеттік органдардың анықталған бұзушылықтарды жою мәселесі Департаменттің бақылауында.

Сондай-ақ негізсіз төлемдер фактілері анықталды. Талдаумен 2 815 610 теңге сомасына белгіленген лимиттерден асатын іссапар шығыстарын төлеудің 119 фактісі анықталды. Қазіргі уақытта 1 млн. 300 мың теңгеден астам қаражат ерікті түрде қайтарылды, қалған соманы қайтару бойынша жұмыс жалғасуда.

Мысалы, Бұланды ауданы әкімі аппаратының қызметшісіне растайтын құжаттар болмаған жағдайда іссапар орнына бару және тұрақты жұмыс орнына қайту бойынша іссапар шығыстары өтелді.

Іссапар шығындары туралы жалған құжаттарды ұсыну фактілері де анықталды. Жекелеген қызметшілер Жолаушылар тасымалы бойынша қызмет көрсету фактісін растайтын құжаттарды ұсынды. Ал, қолда бар мәліметтерге сәйкес, тауар чектерін беру кезіндегі жағдай бойынша жолаушылар тасымалын іске асыратын кәсіпкер өз қызметін тоқтатқан.

Талдау жүргізу барысында қызметшілердің іссапарлары бойынша материалдар «Ақылы автомобиль жолдары дирекциясы» ұсынған мәліметтермен салыстырылып, негізсіз төлемдер фактілері анықталды. Осылайша, жұмыс берушінің актілерінде көрсетілген іссапар кезеңіне сәйкес қызметкерлерге іссапар шығындары өтелген 7 факт анықталды, алайда олардың іссапарларда нақты болуы оларда белгіленген мерзімнен аз болды.

Жүргізілген талдау қорытындылары Әдеп жөніндегі кеңестің отырысында қаралды және оның қорытындысы бойынша басшыларға анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде жан-жақты шаралар қабылдау ұсынылды.

Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының ақпараты

Госслужащим в Акмолинской области не возмещали командировочные расходы

Департаментом Агентства РК по делам государственной службы по Акмолинской области проведен анализ соблюдения законодательства при командировании служащих.

В соответствии с пунктом 1 статьи 57 Закона «О государственной службе Республики Казахстан» государственным служащим возмещаются расходы на служебные командировки, в порядке, определяемом Правительством. На государственных служащих и контрактных служащих в государственных органах распространяются предусмотренные законодательством гарантии и право на получение суточных за время нахождения в командировке, расходы по проезду к месту назначения и обратно, расходы по найму жилого помещения.

«Однако, как показали итоги проведенного анализа, государственными органами системно нарушаются права служащих. В своем большинстве нарушения связаны с возмещением командировочных расходов в неполном объеме, а в отдельных случаях они вовсе не выплачиваются ввиду отсутствия бюджетных средств» — отмечает руководитель Департамента Думан Абилев.

В целом, проведенным анализом выявлено, что в свыше 400 случаях возмещение расходов не производилось либо произведено в неполном объеме, свыше 13 млн.тенге было недоплачено служащим.

После вмешательства Департамента 184 служащим было выплачено более 9 млн. тенге. Вопрос устранения госорганами выявленных нарушений находится на контроле Департамента.

Также были установлены факты необоснованных выплат. Анализом было выявлено 119 фактов выплаты командировочных расходов, превышающих установленные лимиты на сумму 2 815 610 тенге. В настоящее время, в добровольном порядке возращено свыше 1 млн. 300 тыс.тенге, работа по возврату оставшейся суммы продолжается.

К примеру, служащему Аппарата акима Буландынского района произведено возмещение командировочных расходов по проезду к месту командирования и обратно к месту постоянной работы при отсутствии подтверждающих документов.

Установлены и факты возможного предоставления фиктивных документов о расходах по командировке. Отдельными служащими для возмещения были предоставлены документы подтверждающие факт оказания предпринимателем услуг по пассажирским перевозкам. Тогда как, согласно имеющимся сведениям на момент выдачи товарных чеков данный предприниматель прекратил свою деятельность.

В ходе проведения анализа были также сопоставлены материалы по командированиям служащих со сведениями предоставленными «Дирекция платных автомобильных дорог» и установлены факты необоснованных выплат. Так, выявлено 7 фактов, когда работникам возмещались командировочные расходы согласно периоду командирования указанным в актах работодателя, однако, фактическое их пребывание в командировках было меньше срока установленного в них.

Итоги проведенного анализа были рассмотрены на заседании Совета по этике, и по его итогам руководителям было рекомендовано принять исчерпывающие меры по устранению выявленных нарушений.

Информация Управления контроля в сфере государственной службы

 

 

 

 

 

Кеше құқық қорғау органдарының кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысына жасаған баяндамамнан.

Алдыңғы

Ақмола облысында мемлекеттік қызметшілер марапатталды

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *