Аймақ

КЕЛЕС: АБАЙ АУЫЛЫ МАҢЫНДАҒЫ ЖОЛ БӨЛІГІ КЕҢЕЙТІЛЕДІ

Келес ауданы аумағынан өтетін Республикалық А-15 автожолында орта жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Аталған жұмыстар аясында жолдың Абай ауылы аумағындағы бөлігі кеңейтіліп, айналасы абаттандырылады.
Орта жөндеу барысымен танысу мақсатында Келес ауданы әкімінің орынбасары Мақсат Тұрдиев пен аппарат басшысы Бақтияр Абдрахманов жұмыс учаскесіне арнайы барып, мердігер мекеме өкілдерімен кездесті. Олар құрылыс сапасына назар аударып, белгіленген мерзімде аяқталуын қадағалау қажеттігін атап өтті.
Жол жиегін кеңейту және абаттандыру барысында заңсыз салынған құрылыстардың бұзылу жұмыстары да жүргізілуде. Бұл – қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен жол инфрақұрылымын талапқа сай жаңғыртудың бір бөлігі.
Сонымен қатар, жөндеу жұмыстары кезінде көлік қозғалысының үзілмеуін қамтамасыз ету мақсатында арнайы айналма жолдың сызбасын әзірлеу бойынша нақты тапсырмалар берілді. Жол құрылысы аяқталған соң, аталған учаске заманауи талаптарға сай келетін, қауіпсіз әрі жайлы қозғалысты қамтамасыз ететін инфрақұрылымға айналмақ.

КЕЛЕС АУДАНЫНДА ДІНИ ТҰРАҚТЫЛЫҚ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Алдыңғы

КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ШТАБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *