Сауран ауданындағы Ж.Тәшенов атындағы жалпы орта мектебінде медицина қызметкерлері, мұғалімдер мен оқушыларға арналған ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Кездесуге Түркістан облысы дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ директоры Медет Халықов, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» орталықтың маманы Мырзабай Қайсар, Сауран ауданы әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев және Сауран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Марат Ержанұлы Қалеке қатысты.
Кездесуді Сауран ауданы әкімінің орынбасары Бақытжан Кеңесбекұлы жүргізіп отырды. Жиын барысында зайырлылық қағидаттары, дін саласындағы заң талаптары, деструктивті діни ағымдардың алдын алу, қоғамдық келісім мен тұрақтылықты сақтау мәселелері түсіндірілді.
Мұғалімдер мен оқушыларға діни және құқықтық сауаттылықты арттыру, әлеуметтік желілердегі күмәнді діни контенттен сақтану, ақпаратты сын тұрғысынан қабылдау және ресми дереккөздерге жүгінудің маңызы айтылды. Медицина қызметкерлеріне кәсіби жауапкершілік, зайырлы қағидаттарды сақтау, ақпараттық қауіпсіздік пен құқықтық мәдениетті басшылыққа алу мәселелері сөз болды.
Сонымен қатар ақпараттық гигиена, жалған және арандатушы мәліметтерді ажырату, әлеуметтік желілердегі ақпараттың шынайылығын тексеру, «Заң мен тәртіп» қағидаты мен азаматтық жауапкершілікті нығайту бағыттарына назар аударылды. Кездесу қатысушылардың діни, құқықтық және ақпараттық сауаттылығын арттыруға, қоғамдағы өзара құрмет пен тұрақтылықты нығайтуға бағытталды.











Comments