Жаңалықтар

ӨҢІРДІҢ ҮЗДІК ТАУАРЛАРЫ КӨПШІЛІККЕ ҰСЫНЫЛДЫ

Шымкентте «Қазақстанның үздік тауары – 2025» және «Бір ауыл – бір өнім» жобасының көрме-байқауы өтті.

«Көрме» орталығында өткен бұл маңызды іс-шараға азық-түлік, фармацевтика, машина жасау, химия, жеңіл өнеркәсіп және құрылыс индустриясы салаларындағы 100-ден астам компания мен жергілікті тауар өндірушілер қатысты.

Көрме-байқаудың негізгі мақсаты – отандық өнімнің сапасын насихаттау, тұтынушылар арасында сапа мәдениетін қалыптастыру және жергілікті өндіріс орындарын қолдау.

Іс-шараға Шымкент қаласының әкімі Ғ. Сыздықбеков, қалалық мәслихат депутаттары, кәсіпкерлер мен бизнес қауымдастық өкілдері қатысты.

Сонымен қатар, көрме-байқауда «Сайрам-нан», «Фиркан», «Бал Текстиль», «Экофарм», «Карлскрона» сынды ірі кәсіпорындармен қатар кәсібін жаңа бастаған кәсіпкерлер де болды. Қатысушылар өз өнімдерін таныстырып, көрме алаңында іскерлік байланыстар орнатуға мүмкіндік алды.

Көрме аясында шағын және орта бизнес субъектілері «Бір ауыл – бір өнім» жобасына қатысып, өз өнімдерін көпшілікке ұсынды. Жоба жергілікті брендтерді дамытуға және отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.

Байқау жеңімпаздарын тәуелсіз сарапшы-аудиторлар, салалық қоғамдық бірлестіктер, бизнес-қауымдастықтар және мемлекеттік органдар өкілдерінен құралған сараптамалық комиссия таңдады. Қатысушылар үш номинация бойынша марапатталды. Олар:
-​Халық тұтынатын үздік тауарлар
-​Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар
-​Үздік азық-түлік тауарлары номинациялары.
Конкурс қатысушыларының өнімдері сапа мен бәсекеге қабілеттілік талаптарына сәйкес бағаланды. Жеңімпаздар салтанатты түрде марапатталып, Астана қаласында өтетін республикалық кезеңге жолдама алды.

Көрме аясында шағын және орта бизнес субъектілері «Бір ауыл – бір өнім» жобасына қатысып, өз өнімдерін көпшілікке ұсынды. Жоба жергілікті брендтерді дамытуға және отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.

Жоба аясында кәсіпкерлерге оқыту, кеңес беру, маркетингтік қолдау және сауда алаңдарына шығуға мүмкіндік берілді.

Көрме бағдарламасы аясында концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, қатысушылар мен қала тұрғындары үшін мерекелік атмосфера қалыптасты.

Іс-шара Шымкент қаласының инвестициялық және кәсіпкерлік әлеуетін көрсетуге, сондай-ақ жергілікті өнімнің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болды.

Әке – асқар тау

Алдыңғы

ЛУЧШИЕ ТОВАРЫ РЕГИОНА ПРЕДСТАВЛЕНЫ ПУБЛИКЕ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *