Жаңалықтар

КЕНТТЕГІ КЕЛЕЛІ КЕЗДЕСУ

Созақ ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен Таукент кентінің мәдениет үйінде «Дәстүр мен төлтума мәдениет – ұлттың рухани коды» тақырыбында маңызды кездесу өтті.
Кездесуге арнайы Түркістан облысы Дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ басшысы Медет Мұзапбарұлы Халықов және республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі, Сайрам ауданының бас имамы Арыстан Оразалыұлы Оспанов қатысты.
Жиынды аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Елмұрат Темірханұлы ашып, жүргізіп отырды.
Іс-шараға аймақтық бөлініс бойынша Қаратау, Қарақұр, Созақ,Сызған ауылдық округтері мен Таукент кентіндегі ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері, зиялы қауым өкілдері және І.Кеңесбаев, С.Әліұлы атындағы жалпы мектептерінің 10–11 сынып оқушылары қатысты.
Жиын барысында дәстүрлі құндылықтар мен ұлттық мәдениеттің ұлттың рухани тұтастығындағы маңызы, жастарды жат идеологиядан сақтандыру және діни сауаттылықты арттыру жолдары кеңінен талқыланды. Қатысушылар арасында ашық пікір алмасу орын алып, нақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

«ДӘСТҮР МЕН ТӨЛТУМА МӘДЕНИЕТ – ҰЛТТЫҢ РУХАНИ КОДЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА ЖИЫН ӨТТІ

Алдыңғы

2025 ЖЫЛЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРҒА ШАМАМЕН 300 МЛРД ТЕҢГЕ БАЛА ТУУЫНА ЖӘНЕ БАЛА КҮТІМІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЖӘРДЕМАҚЫЛАР ТӨЛЕНДІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *