Жаңалықтар

«ДӘСТҮР МЕН ТӨЛТУМА МӘДЕНИЕТ – ҰЛТТЫҢ РУХАНИ КОДЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА ЖИЫН ӨТТІ

Бүгін Созақ ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Түркістан облысы Дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ басшысы Медет Мұзапбарұлы Халықов пен Республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі, Сайрам ауданының бас имамы Арыстан Оразалыұлы Оспановтың қатысуымен маңызды жиын өтті.
Жиынды аудан әкімінің орынбасары Алтын Күнтуқызы жүргізіп отырды. Іс-шараға Шолаққорған, Құмкент, Жартытөбе ауылдық округ әкімдіктеріндегі ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері, зиялы қауым өкілдері мен Шолаққорған ауылына қарасты білім беру мекемелерінің 10–11 сынып оқушылары қатысты.
Жиын барысында дәстүрлі құндылықтар мен ұлттық мәдениеттің ұлттың рухани тұтастығындағы маңызы, жастардың жат идеологиядан сақтануы, діни сауаттылықты арттыру жолдары кеңінен талқыланды. Қатысушылар арасында ашық пікір алмасу болып, нақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

КӨПТІҢ КӨҢІЛІНЕН ШЫҚҚАН ЖИЫН

Алдыңғы

КЕНТТЕГІ КЕЛЕЛІ КЕЗДЕСУ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *