Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: «КОНГРЕСС ХОЛЛ» КЕШЕНІНІҢ ҰЖЫМЫ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА ӨНЕР КӨРСЕТТІ

Түркістан қаласындағы «Конгресс холл» көпсалалы кешенінің ұжымы гастрольдік сапармен Алматы қаласында болып қайтты. Өнер ұжымы оңтүстік астананың тұрғындарының назарына Қанат Жүнісовтың «Алғашқы махаббат» комедиялық спектаклін ұсынды. Сондай-ақ, шығармашылық сапардан оралған өнер ұжымы өздерінің алдағы жоспарларымен бөлісті. Бұл туралы брифингте «Конгресс холл» көпсалалы кешенінің басшысы Асқар Кенехан мәлімдеді.

«Jana lep» ұжымы жыл басталғалы бері бірқатар үлкен қойылымдарды көрермен назарына ұсынды. «Алғашқы махаббат» спектаклі де алматылық талғампаз көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Тіпті, қазақ өнерінің аңызы Асанәлі Әшімов қойылымды жеке өзі тамашалап, жас әртістерге өзінің батасын берді. Одан бөлек, жақында ғана құрылған «Alqonyr» фольклорлық ансамблімен қатар «Samgau» би ансамблі мәдени шаһардың көрермендерінің қошеметіне ие болды. Алдағы уақытта өз облысымыздағы аудандарға шығармашылық сапармен шығуды жоспарлап отырмыз»-деді Асқар Оразханұлы. Сондай-ақ, брифингке қатысқан «Конгресс холл» көпсалалы кешенінің жас әртісі Бағдат Нысанбай өзінің сапардан алған әсерімен бөлісті.

«Біз бұл сапардан өзіміз үшін көптеген тәжірибе жинадық. Біздің қойылымдарымызға қазақ өнерінің майталмандары өте жоғары баға берді. Бұл әрине біз үшін үлкен абырой. Алдағы уақытта көрермендерге бұдан да жақсы дүниелер ұсынатын боламыз. Қазіргі ұжымның көп бөлігі жастар. Сондықтан да еңбектенуден, ізденуден еш жалықпаймыз»-деп баяндады театр актеры.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

ТУРКЕСТАН: КОЛЛЕКТИВ КОМПЛЕКСА «КОНГРЕСС ХОЛЛ» ВЫСТУПИЛ В АЛМАТЫ

Коллектив многопрофильного комплекса «Конгресс холл» города Туркестан гастролировал в Алматы. Коллектив представил вниманию жителей южной столицы комедийный спектакль Каната Жунусова «Первая любовь». Также коллектив артистов, вернувшийся из творческой поездки, поделился своими планами на будущее. Об этом на брифинге сообщил глава многопрофильного комплекса «Конгресс холл» Аскар Кенехан.

Коллектив «Jana lep» с начала года представил ряд крупных постановок. Спектакль «Первая любовь» также получил восторженные отзывы алматинских искушенных зрителей. Даже легенда казахского искусства Асанали Ашимов лично пришел посмотреть спектакль и благословил юных артистов. Кроме того, наряду с недавно созданным фольклорным ансамблем «Alqonyr» танцевальный ансамбль «Samgau» заслужил симпатию зрителей культурного города. В ближайшее время планируем выйти с творческим визитом в районы нашей области», — поделился Аскар Оразханулы.

Также присутствовавший на брифинге молодой артист многопрофильного комплекса «Конгресс холл» Багдат Нысанбай поделился своими впечатлениями от поездки.

«Мы получили много опыта от этой поездки для себя. Очень высокую оценку нашим выступлениям дали знатоки казахского искусства. Это, безусловно, большая честь для нас. В дальнейшем мы будем предлагать зрителям еще лучшее. Большая часть нынешнего коллектива — молодежь. Поэтому мы не устаем трудиться, искать пути роста», — рассказал актер театра.

Региональная служба коммуникаций Туркестанской области

ТҮРКІСТАН: ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДР РЕЗЕРВІНЕ ҮМІТКЕРЛЕРДІ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

Алдыңғы

Шымкентте жыл басынан бері 11 690 адам жұмыспен қамту шараларына тартылды

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *