Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: СЫРДАРИЯ ӨЗЕНІ АУМАҒЫНА 111 ТОННАДАН АСТАМ БИОПРЕПАРАТ ҚҰЙЫЛДЫ 

✔️Түркістан облысында шіркейге қарсы дезинсекциялық шаралар үздіксіз жүргізілуде. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасовтың төрағалығымен құрылған штаб өңірдегі шіркейлердің көбеюіне қарсы кешенді шараларды жүзеге асыруда. Бүгін БАҚ өкілдерімен баспасөз туры ұйымдастырылып, атқарылып жатқан жұмыстар таныстырылды. Сырдария өзенінің бойындағы елді мекендерде шіркейлердің көбеюіне қарсы химиялық және биологиялық препараттар қолданылуда. Бұл шаралар экологияға зиян келтірмей, зиянкестердің санын азайтуға бағытталған. Бүгін «Бактицид» биопрепаратының 111 тоннадай дәрісінің суспензиясы құйылды. Бұл жұмыстарға 12 арнайы техника, 6 қайық, 28 адам жұмылдырылды.

✔️Жіберілетін дәрінің мөлшері Сырдария өзеніндегі және Көксарай қоймасынан шығып жатқан судың көлеміне қарай есептеледі. Биылғы жылы өзенді дәрілеудің арақашықтығы жиіленді. Шіркей дернәсілдері шоғырланған аумақта дозировкасы ұлғайтылды. Осы жұмыс нәтижесінде елді мекендер мен өзен арнасында шіркейлер саны азаюының тұрақты оң динамикасы анықталған. Ал өзеннен алшақтау (20-50км радиуста) орналасқан елді мекендерде шіркей анықталмаған.

✔️Сонымен қатар облыс аумағында баръерлік химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілуде. Әр бір елді мекен жеке қаралып, ерекшелігіне байланысты балама химиялық инсектицидті препараттар қолдануда. Осы ретте елді мекендегі өзеннен келген шіркей саны, ауа райы көрсеткіштері ескеріліп, залалсыздандырудың кешені тағайындалады. Бұл жұмыстарға 38 толық жетекті жеңіл автокөлік (бүрку жүйелерімен), 36 арқаға асылатын бүріккіш, 4 термоөңдеу және әуе дрондары жұмылдырылған. Көлік жетпейтін аймақтарға арнайы дрондар қолданылуда.

✔️Дезинсекция жұмыстары Түркістан, Арыс қалалары мен Шардара, Сауран, Отырар аудандарындағы Сырдария өзеніне жақын орналасқан елді мекендерде тұрақты жүргізілуде. Аталған жұмыстар күнделікті күшейтілуде. Жұмыс барысы облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің қатаң бақылауында.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

ТУРКЕСТАН: БОЛЕЕ 111 ТОНН БИОПРЕПАРАТОВ СБРОСИЛИ НА ТЕРРИТОРИЮ РЕКИ СЫРДАРЬЯ 

✔️В Туркестанской области непрерывно ведутся дезинсекционные мероприятия против комаров. Штаб, созданный под председательством первого заместителя акима области Зулфухара Жолдасова, реализует комплекс мер по противодействию размножению комаров в регионе. Сегодня был организован пресс-тур с представителями СМИ по презентации проводимой работы.

В населенных пунктах вдоль реки Сырдарьи применяются химические и биологические препараты против размножения мошек. Эти меры направлены на сокращение численности вредителей без ущерба для экологии. Сегодня в реку сбросили около 111 тонн биопрепарата-суспензии «Бактицид». В работах задействовано 12 единиц спецтехники, шесть лодок и 28 специалистов.

✔️Количество отпускаемого лекарства рассчитывается исходя из объема воды в водомемах. В этом году увеличена дозировка препаратов на территориях скопления личинок мошек. В результате работ выявлена устойчивая положительная динамика снижения численности мошек в населенных пунктах и руслах рек. На территории населенных пунктов, расположенных в радиусе 20-50 км от рек, мошек не выявлено.

✔️Также на территории области ведутся работы по барьерной химической обработке. Каждый населенный пункт рассматривается отдельно, в зависимости от специфики используются альтернативные химические инсектицидные препараты. При этом меры обеззараживания назначается с учетом количества комаров и погодных показателей. В работах задействованы 38 полноприводных легковых автомобилей (с системами впрыскивания), 36 подвесных опрыскивателей, четыре термообработчика и воздушные дроны. В районах, недоступных для транспорта, применяются специальные дроны.

✔️Дезинсекция ведется постоянно в городах Туркестане и Арысь и населенных пунктах вблизи реки Сырдарьи в Шардаринском, Сауранском и Отрарском районах. Данные работы усиливаются ежедневно. Ход работы находится на жестком контроле акима области Нуралхана Кушерова.

Пресс-служба акима Туркестанской области

В ЭТОМ ГОДУ В ШЫМКЕНТЕ 15 891 ВЫПУСКНИК ОКОНЧИТ ШКОЛУ

Алдыңғы

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *