ЖаңалықтарҚоғам

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ «ДОСТЫҚ ДАСТАРХАНЫ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

Бүгін Шымкент қаласы Сайрам тұрғын алабындағы Наурыз саябағында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған «Достық дастарханы» халықаралық фестивалі өтті.

Достық пен татулықтың туын желбіреткен фестивальге еліміздің белгілі қоғам қайраткерлері мен құрметті меймандар, атап айтсақ, ҚХА Төрағасының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Алишер Сатвалдиев пен Ғалиасқар Сарыбаев, сондай-ақ, Өзбекстан мен Әзірбайжан елдерінен арнайы шақырылған қонақтар, ҚХА жанындағы этномәдени бірлестік өкілдері қатысты.

Мақсаты Қазақстанда өмір сүріп жатқан түрлі этнос өкілдерінің арасындағы қоғамдық келісімді, мәдени әралуандылықты және ынтымақ пен бірлікті дәріптеу болған іс-шарада ел бірлігіне, қоғамдық келісімге сүбелі үлес қосып жүрген этномәдени бірлестіктің белсенді мүшелеріне алғыс хаттар табысталды. Бұл – жасалған еңбектің елеусіз қалмағанының айғағы.

Фестивальдің негізі – хош иісті, алуан түрлі палау. Қазақстан мен көршілес елдерден келген үздік аспаздар әзірлеген 30 түрлі палау түріне «Бірлік», «Ынтымақ», «Достық», «Бәйтерек» секілді атаулар беріліп, дайындалған 100 келі палау балалар үйінің тәрбиеленушілеріне мен көпбалалы отбасыларға арнайы ҚХА волонтерлары арқылы үлестірілді.

Фестиваль шымылдығы ұлттық ән мен күйге ұласып, сахна төрінде түрлі этнос өкілдерінің әсем әндері шырқалып, мың бұралған билері орындалды. Іс-шара соңында «Ең жас аспаз», «Ең үлкен аспаз», «Жылдың үздік аспазы», «Көпшілік қошеметіне лайық аспаз» номинациялары бойынша үздіктер марапатталды.

Қоғамдық келісім баспасөз қызметі

#ҚХА30жыл #30летАНК #Шымкент #Shymkent

ЕДИНСТВО, СОГЛАСИЕ, ДРУЖБА: ФЕСТИВАЛЬ В ШЫМКЕНТЕ

Алдыңғы

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *