ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметшілерді іссапарға жіберу кезінде заңнаманың сақталуына талдау жүргізді. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 57-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттiк қызметшілерге Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен қызметтiк iссапарларға, оның iшiнде шет мемлекеттерге iссапарға баруға арналған шығыстары өтеледi.
«Мемлекеттік қызметшілерге және мемлекеттік органдардағы келісімшарттық қызметшілерге іссапарда болған уақытына тәулікақы алуға, межелі жерге жету және кері қайту үшін жүріп-тұру шығыстарына, тұрғын үй-жай жалдау шығыстарына Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген кепілдіктер мен құқық қолданылады. Алайда, жүргізілген талдау қорытындылары көрсеткендей, мемлекеттік органдар қызметшілердің құқықтарын жүйелі түрде бұзады. Бұзушылықтардың көпшілігі іссапар шығындарын толық көлемде өтемеумен байланысты, ал кейбір жағдайларда олар бюджет қаражатының болмауына байланысты мүлдем төленбейді» — деп Департамент басшысы Думан Әбілев мәлімдеді.
Сондай-ақ, жекелеген мемлекеттік органдар іссапар шығындарын өтеу Қағидаларының нормаларын дұрыс қолданбайтыны анықталды, соның салдарынан тұрғын үйді жалдау шығындарын өтеу Қағидаларда белгіленгеннен аз мөлшерде жүргізілген.
Заңнамада Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген іссапарларға арналған өтелетін шығыстардың мөлшерін оларды өтеудің ішкі қағидаларын әзірлеу және бекіту арқылы азайту мүмкіндігі көзделгенін атап өткен жөн.
«Алайда, бірқатар мемлекеттік органдар ішкі тәртіпті бекітпестен өтелуге жататын шығыстардың мөлшерін азайтты, ал жекелеген жағдайларда шығыстарды өтеу нақты жұмсалған шығындар, оның ішінде тұрғын үй-жайды жалдау бойынша көрсетілген аванстық есептерге сәйкес жүзеге асырылды, ал 2018 жылы Қағидаларға қызметкерді ел шегінде қызметтік іссапарларға жіберу кезінде тұрғын үй жалдау бойынша растайтын құжаттарды ұсынуды болдырмайтын түзетулер енгізілген» — деп Думан Әбілев хабарлады.
Жалпы, жүргізілген талдау нәтижесінде 400-ден астам жағдайда шығыстарды өтеу жүргізілмегені не толық жүргізілмегені, қызметшілерге 13 млн. теңгеден артық төленбегені анықталды. Мұндай бұзушылықтардың ең көп саны Егіндікөл, Жарқайың, Есіл аудандарының және Біржан сал ауданының жергілікті атқарушы органдарында орын алады.
«Департаменттің араласуынан кейін 140 қызметшіге 7 413 991 теңге төленді, мемлекеттік органдардың анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдауы біздің бақылауымызда» — деп Думан Әбілев мәлімдеді.
Сондай-ақ негізсіз төлемдер фактілері анықталды: талдау нәтижесі бойынша Қағидаларда белгіленген лимиттерден 2 815 610 теңгеге артық іссапар шығыстарын төлеудің 119 фактісі анықталды. Қазіргі уақытта бюджетке ерікті түрде 1 229 648 теңге қайтарылды, қалған соманы қайтару бойынша жұмыс жалғасуда.
Мысалы, Бұланды ауданы әкімі аппаратының қызметшісіне растайтын құжаттар (отырғызу талоны) болмаған кезде іссапар орнына бару және тұрақты жұмыс орнына қайту бойынша іссапар шығыстары өтелді.
Іссапар шығындары туралы жалған құжаттарды ұсыну фактілері де анықталды. Мәселен, Егіндікөл ауданының жергілікті атқарушы органдарының жекелеген қызметшілері кәсіпкердің жолаушылар тасымалы бойынша қызмет көрсету фактісін растайтын құжаттарды ұсынды. Алайда тауар чектерін беру кезінде бұл кәсіпкер өз қызметін тоқтатқан.
Талдау жүргізу барысында қызметшілердің іссапарлары бойынша материалдар «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» АҚ «Ақылы автомобиль жолдары дирекциясы» филиалы ұсынған мәліметтермен салыстырылып, негізсіз төлемдер фактілері анықталды.
Осылайша, жұмыс берушінің актілерінде көрсетілген іссапар кезеңіне сәйкес қызметкерлерге іссапар шығындары өтелген 7 факт анықталды, алайда олардың іссапарларда нақты болуы оларда белгіленген мерзімнен аз болды. Жүргізілген талдау қорытындылары Әдеп жөніндегі кеңестің отырысында қаралды және оның қорытындысы бойынша басшыларға анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде жан-жақты шаралар қабылдау ұсынылды.
Командировочные расходы госслужащим выплачивались в неполном объеме в Акмолинской области
Департаментом Агентства РК по делам государственной службы по Акмолинской области проведен анализ соблюдения законодательства при командировании государственных служащих. В соответствии с пунктом 1 статьи 57 Закона «О государственной службе Республики Казахстан» государственным служащим возмещаются расходы на служебные командировки, в том числе и в иностранные государства, в порядке, определяемом Правительством Республики Казахстан.
«На государственных служащих и контрактных служащих в государственных органах распространяются предусмотренные законодательством Республики Казахстан гарантии и право на получение суточных за время нахождения в командировке, расходы по проезду к месту назначения и обратно, расходы по найму жилого помещения. Однако, как показали итоги проведенного анализа, государственными органами системно нарушаются права служащих. В своем большинстве нарушения связаны с возмещением командировочных расходов в неполном объеме, а в отдельных случаях они вовсе не выплачиваются ввиду отсутствия бюджетных средств» — отмечает руководитель Департамента Думан Абилев.
Также установлено, что отдельными госорганами неправильно трактовались положения Правил возмещения командировочных расходов, вследствие чего возмещение расходов по найму жилого помещения производилось меньшего размера, нежели обозначенных в правилах.
Следует отметить, что законодательство предусматривает возможность уменьшения размера возмещаемых расходов на командировки установленных Правительством Республики Казахстан, путем разработки и утверждения, внутренних правил их возмещения.
«Однако, ряд госорганов снизил размеры подлежащих возмещению расходов без утверждения внутреннего порядка, а в отдельных случаях возмещение расходов осуществлялось в соответствии с предоставляемыми авансовыми отчетами, где отражались фактически понесенные затраты, в том числе по найму жилого помещения, тогда как еще в 2018 году в Правила были внесены поправки, исключающие предоставление подтверждающих документов по найму жилья при направлении работника на служебные командировки в пределах страны» — проинформировал Думан Абилев.
В целом, проведенным анализом выявлено, что в более чем в 400 случаях возмещение расходов не производилось либо произведено не полностью, свыше 13 млн. тенге было недоплачено служащим. Наибольшее количество подобных нарушений имеет место в местных исполнительных органах города Егиндыкольского, Жаркаинского, Есильского районов и района Биржан сал.
«После вмешательства Департамента 140 служащим было выплачено 7 413 991 тенге, контроль за принятием мер по устранению госорганами выявленных нарушений находится под нашим контролем» — отметил Думан Абилев.
Также выявлены факты необоснованных выплат: анализом выявлено 119 фактов выплаты командировочных расходов, превышающих установленные Правилами лимиты на сумму 2 815 610 тенге. В настоящее время в добровольном порядке возращено 1 229 648 тенге, работа по возврату оставшейся суммы продолжается.
К примеру, служащему Аппарата акима Буландынского района произведено возмещение командировочных расходов по проезду к месту командирования и обратно к месту постоянной работы при отсутствии подтверждающих документов (посадочного талона).
Установлены и факты возможного предоставления фиктивных документов о расходах по командировке. Так, отдельными служащими местных исполнительных органов Егиндыкольского района были предоставлены документы, якобы подтверждающие факт оказания предпринимателем услуг по пассажирским перевозкам. Тогда как, согласно имеющимся сведениям на момент выдачи товарных чеков данный предприниматель прекратил свою деятельность.
В ходе проведения анализа были также сопоставлены материалы по командированиям служащих со сведениями, предоставленными Филиалом «Дирекция платных автомобильных дорог» АО «Национальная компания «ҚазАвтоЖол» и установлены факты необоснованных выплат.
Так, выявлено 7 фактов, когда работникам возмещались командировочные расходы согласно периоду командирования, указанным в актах работодателя, однако, фактическое их пребывание в командировках было меньше срока установленного в них. Итоги проведенного анализа были рассмотрены на заседании Совета по этике, и по его итогам руководителям было рекомендовано принять исчерпывающие меры по устранению выявленных нарушений.
Comments