Жаңалықтар

ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ АРҚЫЛЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ АНИМАЦИЯЛЫҚ ФИЛЬМ ТҮРКІСТАНДА ДАЙЫНДАЛДЫ

«Turkistan» телеарнасы жасанды интеллект арқылы алғашқы қазақ мультфильмін дайындап шығарды. Жаңа анимациялық туынды «Түркістан сақшылары» деп аталады. Идея авторы — телеарна қызметкері Ғасыр Құралбайұлы. Жасанды интеллектпен жұмыс істеуді жетік меңгерген маман мультфильмнің бірінші сериясын 7 күнде жасап шыққан. Ең қызығы – бірінші серияға бар болғаны 70 мың теңге қаржы жұмсалған.

Ғасырдың айтуынша, жасанды интеллект бағдарламасының ақылы нұсқасына жазылуға — 100 АҚШ доллары, анимациялық фильмнің саундтрегін жаздыруға 20 мың теңге жұмсалған. Сондай-ақ, ол мультфильмнің келесі сериялары дайындалып жатқанын айтты. Сондай-ақ, болашақта кинотеатрларда көрсетілетін толыққанды коммерциалық мультфильм түсіруді жоспарлап жүргенін айтты. Фильм сюжеті қасиетті қала Түркістанды қауіп-қатерден қорғап, балаларды адамгершілікке, мәдениеттілікке тәрбиелейтін мифологиялық кейіпкерлердің әрекеттерінен құралған. Олар, Ақпантер – жылдам әрі батыл барыс, Алтынқанат – бәрін байқағыш бүркіт, Тасбатыр ата – ғасыр жасаған ақылгөй тасбақа.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

*Түркістан облысында полиция мен азаматтар есірткіге қарсы күресте бірікті*

Алдыңғы

Жетісу облысы, Панфилов ауданында үш жылда 100 әлеуметтік нысан салынды

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *