ЖаңалықтарҚоғам

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

✔️Бүгін «Достық үйі» ғимаратында Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтті.

✔️Алқалы басқосуға Түркістан облысының әкімі – облыстық ҚХА төрағасы Нұралхан Көшеров, облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов, ҚХА құрылымдарының төрағалары мен мүшелері, облыстық Ақсақалдар, Аналар кеңестерінің, облыстық этномәдени бірлестіктердің төрағалары, жастар, БАҚ өкілдері қатысты.

✔️Жиынға модераторлық еткен облыс әкімі Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес өңірлік Ассамблея тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытында нәтижелі жұмыстарды жүргізіп келе жатқанына тоқталды.

✔️Бұл ретте, облыстық Ассамблея тарапынан «Салауатты сана», «Адал азамат», «Елтану» «Қайырымдылық керуені» және «Шаңырақ» жобалары тиімді іске асырылуда. Жыл басынан бері облыс аумағында түрлі 440 іс-шара, 15 қайырымдылық акция, 134 ақпараттық-насихаттық кездесулер өткізілген. Биыл ҚХА-ның 30 жылдығы аясында облыста 2000-нан аса ұлттық, мәдени-көпшілік, спорттық іс-шараларды жүзеге аспақ.

✔️Жиын барысында былтырғы жылдан облыстық Ассамблея төрағасының орынбасарлары қызметін атқарып келген түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы Сарманбай Сафаров пен өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Бахадир Ирисметов көпшілік дауыспен Ассамблея төрағасының орынбасарлары болып қайта сайланды. Ал жастардың атынан облыстық Ассамблея төрағасының орынбасары болып «Жастар рухы» қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының төрағасы Жансерік Жұман сайланды.

✔️Келелі кеңесте облыстық тәжік этномәдени бірлестігінің төрағасы Юлдаш Султанов, облыстық славян этномәдени бірлестігінің төрайымы Марина Лимаренко, «Ассамблея жастары» ұйымының мүшесі Индира Раван-Нахчивани қайырымдылық шараларын ілгерілету, мемлекеттік тілді үйрену, ҚХА жастар қанатының жобаларын іске асыру бойынша байыпты пікір білдірді.

✔️Басқосу ары қарай сұрақ-жауап түрінде өрбіп, жиынға қатысушылар этносаралық бірлікті нығайту мәселелері төңірегінде өзара пікір алмасып, ойларын ортаға салды.

✔️Кеңес отырысын қорытындылаған облыс әкімі Нұралхан Көшеров Мемлекет басшысының ҚХА-ның 33-сессиясында берген тапсырмалары Түркістан облысында сапалы орындалуы қажеттігін атап өтті.

📌– Татулық пен келісім тек мемлекеттік саясатта емес, барлық жерде дәріптелуі қажет. Мемлекет Басшысының айқындаған басымдықтары баршамыздың бірлікте болуымыздың нәтижесінде орындалады. Біз, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, Президенттің маңызды бастамаларын толық қолдай отырып, ортақ күш-жігерімізбен елімізді бұдан да қуатты елге айналдыру жолында жұмыс жүргізетін боламыз, — деді облыс әкімі.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

СОСТОЯЛОСЬ ЗАСЕДАНИЕ СОВЕТА АССАМБЛЕИ НАРОДА КАЗАХСТАНА ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ

✔️Сегодня в здании Дома дружбы состоялось заседание совета Ассамблеи народа Казахстана Туркестанской области. В нем приняли участие аким Туркестанской области — председатель областной АНК Нуралхан Кушеров, председатель областного маслихата Нуралы Абишов, председатели и члены структур АНК, аксакалы, председатели советов матерей и областных этнокультурных объединений, молодежь, представители СМИ.

✔️Модератором совещания выступил аким области.Он отметил, что, в соответствии с поручением Главы государства, региональная Ассамблея ведет продуктивную работу по обеспечению стабильности. АНК эффективно реализует проекты «Здоровое сознание», «Адал азамат», «Елтану», «Караван благотворительности» и «Шанырак».

✔️С начала года на территории области было проведено 440 различных мероприятий, 15 благотворительных акций, 134 информационно-пропагандистские встречи. В этом году, в рамках 30-летия АНК, в области будет реализовано более 2000 национальных, культурно-массовых и спортивных мероприятий.

✔️В ходе совещания большинством голосов заместителями председателя областной Ассамблеи были повторно избраны глава турецкого этнокультурного объединения Сарманбай Сафаров и глава узбекского этнокультурного объединения Бахадир Ирисметов, занимавшие эти должности с прошлого года. А от молодежи заместителем председателя областной АНК избран председатель областного филиала общественного объединения «Жастар рухы» Жансерик Жуман.

✔️На совещании председатель областного таджикского этнокультурного объединения Юлдаш Султанов, председатель областного славянского этнокультурного объединения Марина Лимаренко, член организации «Ассамблея жастары» Индира Раван-Нахчивани высказали свои мнения по вопросам продвижения благотворительных мероприятий, изучения государственного языка, реализации проектов молодежного крыла АНК.

✔️Затем встреча переросла в формат вопросов и ответов, участники обменялись мнениями по вопросам укрепления межэтнического единства.

✔️Подводя итоги заседания совета, аким области Нуралхан Кушеров отметил, что поручения Главы государства, данные на 33-й сессии АНК, необходимо качественно выполнить в Туркестанской области.

📌»Мир и согласие должны быть везде, а не только в государственной политике. Приоритеты, определенные Президентом страны, могут быть исполнены только в условиях единства. Мы, члены Ассамблеи народа Казахстана, будем работать над тем, чтобы сделать Казахстан еще более мощным. Мы полностью поддерживаем инициативы Президента, направленные на сохранение мира и согласия в стране», — сказал аким области.

Пресс-служба акима Туркестанской области

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АЛҒАШ РЕТ ЖАСЫРЫН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АНЫҚТАУ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ

Алдыңғы

Назарларыңызға салыққа қатысты ең маңызды өзгерістерді ұсынамыз

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *