18 наурыз – «Ұлттық киім күні» аясында қазақ халқының бай мәдени мұрасын насихаттау мақсатында «AMANAT» партиясы Қаратал аудандық филиалының қызметкерлері дәстүрлі ұлттық киім киіп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Ұлттық киім – халқымыздың тарихы мен салт-дәстүрін айшықтайтын асыл қазына. Оны дәріптеу – ұлттық болмысымызды сақтаудың жарқын көрінісі. Бабалар мұрасын ұлықтап, ата дәстүрін ардақтау – әрбір азаматтың парызы деп білеміз.
Comments