Жаңалықтар

Жастығын ел болашағына арнаған аналар ардақталды

🌷 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Қаратал ауданының әкімі Досымбеков Ұлан Әлдибекұлы ауданның дамуына айтарлықтай үлес қосқан ардагер аналарды, тыл ардагерлерін, көп балалы аналарды үйлеріне арнайы барып құттықтап, жылы лебізін білдірді.

🌷 Әр салада қызмет атқарып, еліміздің болашағы үшін еңбек еткен аналарымызға ерекше құрмет көрсеткен аудан әкімі, олардың қоғамдағы рөлін және отбасы мен қоғам үшін қосқан үлестерін жоғары бағалады. Ұлан Әлдибекұлы аналарымыздың әрбір күші мен қажырлы еңбегі мемлекетіміздің дамуына зор әсер етіп, жастарға үлгі болып келетінін атап өтті.

🌷 Аудан әкімі аналарымызды 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, оларға гүл шоқтары мен сыйлықтар табыстап, ақ жаулықты аналарымызға ұзақ ғұмыр, зор денсаулық, бақытты өмір тілеп, аналарымыздың еңбегіне және олардың ұрпақ тәрбиесіндегі маңызына ерекше назар аударды.

🌷 Құрметті аналарымыздың өмірі мен еңбегі біздің болашағымыздың берік іргетасын қалауға негіз болатынын айтқан аудан әкімі, осы айтулы күнде олардың рухани күшін сезініп, оларға құрмет көрсету біз үшін маңызды екенін жеткізді.

🌷 Аналарымыздың әрбір қадамы, олардың барша өмірі ұрпақтың жарқын болашағына, елдің өркендеуіне үлес қосып келеді. 8 Наурыз күні аналарға арналған бұл шара ауданымыздағы әйелдердің қоғамдағы еңбегін жоғары бағалап, олардың болашақ ұрпақ тәрбиесіне тигізетін әсерін айқындай түсетіні анық…

Қобланды АБЕНОВ

Производство изнутри: экскурсии на предприятия

Алдыңғы

Шымкентте әскери-аруларды 8 наурыз мерекесімен құттықтады

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *