«Қарамай дауыл, жаңбырға,
Өзіңді салған даңғылға,
Арқалап жүріп өсірген,
Анаңа қоңырау шалдың ба?» — деп «Музарт» тобындағы ақын Серікзат Дүйсенғазы өлеңде жырлағандай, бүгін анаңыздың үнін естідіңіз бе? Мейлі, телефон арқылы даусын есітсеңіз, онда сіз бақыттысыз… Ал балалар үйіндегі балалар тым болмаса аналарын бір рет көріп, бір рет үнін естіп, құшақтасам ғой деп күнде армандайды..
Иә, Ана… Ана туралы мыңдаған ғасырлар бойы жырланған өлең де, жыр да, дастан да бар, бірақ біз күнделікті жүгіріспен өтетін өмірде «Ана» деген бар жоғы үш әріптен тұратын, ұлы сөздің қадір-қасиетін толықтай түсіне алдық па? Осы сұрақ әркімнің көкейінде жүрері сөзсіз.
«Аmanat» партиясының Жетісу облысы, Қаратал ауданы филиалы, Аудандық Жастар орталығы, Аудан орта мектептеріндегі менторлар, Жетісу облысы Кәсіпкерлер Палатасының Қаратал ауданы филиалы 8 — Наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай «Анаңа Қоңырау Шал» челенджін ұйымдастырады.
Бұл челлендж — анаңызды еске алып, онымен телефон арқылы байланысқа шығып, тек бір сәт болса да дауысын есту және оған өз махаббатыңызды білдіру. Әйелдер мерекесі — анаға деген құрмет пен махаббатты көрсету, оның біз үшін қаншалықты маңызды екенін тағы бір мәрте атап өту сәті.
Ал сіз анаңызға телефон шалдыңыз ба?
Қобланды АБЕНОВ
Comments