ӘлеуметЖаңалықтар

ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР БАЛАЛАР АНАЛАРЫН ҚУАНЫШҚА БӨЛЕДІ

Аналар үшін ең үлкен сыйлық – балаларының махаббаты мен қамқорлығы. Осы орайда, партияның «Кедергісіз келешек» жобасы аясында «Сүйікті анама сыйлық» атты арнайы шеберлік сағатын өткізді. Бұл шара ерекше қажеттілігі бар балалардың шығармашылық қабілетін дамытып, оларды қоғамға бейімдеуге бағытталды.

Іс-шараға 30-дан астам ерекше қажеттілігі бар бала қатысып, өз қолдарымен аналарға арналған сыйлықтар дайындады. Шараның басты мақсаты – мүмкіндігі шектеулі балалардың өздерін қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезінуіне көмектесу, олардың шығармашылық әлеуетін дамыту және ата-аналарына қуаныш сыйлау.

Шараға қатысқан «AMANAT» партиясы Жетісу облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Асхат Досмұхамбетов жиналған аналарды келе жатқан 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, оларға алғыс хаттар табыстады.

Жетісу облысы мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Әсел Барибаева бұл бастаманың маңыздылығын атап өтті:

— «Бұл игі шара ерекше қажеттілігі бар балалардың өз мүмкіндіктерін көрсетуіне, олардың қоғамнан тыс қалмауына ықпал етуге және ата-аналарға қолдау көрсетуге бағытталған. Осындай шаралар балалардың өзіндік қабілеттерін дамытуға және олардың өзіне деген сенімін арттыруға мүмкіндік береді», – деді ол.

Ал ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Жетісу облысы бойынша басқармасының өкілі Асылбеков Жандос Бауыржанұлы ерекше балалардың еңбегі мен ықыласына ризашылығын білдіріп, олардың алдағы уақытта да шығармашылық жетістіктерге жетуіне тілектестігін жеткізді.

 

 

 

 

 

БҰҰ-ның аймақтық орталығын Алматыда ашу туралы қарарды консенсус негізінде қабылдады

Алдыңғы

«AMANAT»: «Жайлы мектептердің» құрылысы партия бақылауында болады

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *