Жаңалықтар

Әннің шығу тарихы…

“Тотықұс” әні, Сөзі: Ұлықбек Есдәулетов, Әні: Мырзатай Жолдасбеков.

90-жылдардың ортасында Иран Ислам Республикасына жолымыз түсті. Тобымызда академиктер Зейнолла Қабдолов, Зәки Ахметов, профессор Уахит Шалекенов, ақын Қайрат Жұмағалиев бар. Біздің қолымыз қалт еткенде Елші Мырзатай Жолдасбеков аға қонаққа шақырды. Барсақ резиденциясында белгілі

әнші-композитор Алтынбек Қоразбаев бар екен. Әдемі отырыс болды.

Бір сәті келгенде Алтынбек аға мені оңашалап, бір бейтаныс әнді ыңылдап айтып берді. Мырзатай аға Иран елінің қатал тәртібін, жабық режимін, қоғамдық ерекшеліктерін әңгімелей келіп, қайбір түнде сыр бөлісер жан таппай, кабинетінде үстелдегі тордағы тоты құспен тілдескенін айтып қалып еді. Барған жерде ол құстарға көзім түскен болатын. Маған тордағы тоты мен Елшінің тағдырында ұқсастық бар болып көрінді. Содан әнді әбден тыңдап алған соң өлеңі бірден туды. Айналасы 15 минутта жазылған жырды ұстазым Зекең Қабдоловқа оқып беріп едім, ол: “Мынау әнсіз-ақ дербес өмір сүретін өлең болып шыққан екен!”-деп біраз мақтады. Сол күні кешкі отырыста осы ән Алтынбек Қоразбаевтың орындауында тұңғыш рет жария болды. Кейін Тоқтар мен Мейрамбек, Мақпал Жүнісованың репертуарына кіріп, елге таралып кетті.

Сөйтіп “Тотықұс” — бүкіл Елшілердің тордағы тоты сияқты өмірін бейнелейтін ән болды. Елшілердің гимні десек болады” деп, сол тұстағы әр тараптағы Қазақстан Елшілері біріне бірі жолдап, көбінің сүйіп тыңдайтын әніне айналған болатын.

Ақын, Ұлықбек Есдәулет ағаның естелігінен…

Қобланды АБЕНОВ

Шымкент: әскери ортада құқық бұзушылықтардың алдын алу

Алдыңғы

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *