ЖаңалықтарМәдениетРуханиятТарих

Өткен дәуірден бізге жеткен құндылық

Кимешек – бұл қазақ халқының ұлттық бас киімі, әйелдердің зергерлік өнерінің нағыз жауһары. Бұл киімнің тарихы тереңге кетеді, ол ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді және әрбір нәзік тігіс арқылы өткен заман мен дәстүрлер туралы әңгімелейді. Бүгін мен сіздерге Ұлы жүз Албан руының 1940-шы жылдары тігілген бірегей кимешегі жайлы жазбақшымын.

Жақ кестесінің айқыш техникасы және ақ боз матаға паршамен кестеленген өрнектердің үйлесуі – бұл кимешектің ерекше сұлулығын айқындайтын басты ерекшелік.

Бұл асыл бұйым біздің отбасының тарихымен тығыз байланысты. Суреттегі Болатхан әпкемнің марқұм анасы, менің Бүбіш апамнан мұра болып қалған. Өткен күзде сақтаулы кимешекті басқада құнды бұйымдармен қоса Талдықорған қаласындағы Мухамеджан Тынышпаев атындағы Жетісу облыстық тарихи-өлкетану мұражайына тапсырдық. Енді бұл кимешек тек отбасылық құндылық емес, бүкіл халықтың байлығы болды.

Ежелгі заманда апаларымыз кимешекті күнделікті өмірде тұрақты киген. Бұл бас киім олардың сән-салтанаты мен абыройын көрсетті. Қазір бұл зергерлік туындылар сирек кездеседі, бірақ олардың құндылығы уақыт өте күшейіп барады. Олар бізге бабаларымыздың мәдениеті мен дәстүрлері туралы айтады, сонымен қатар, оларды құрметтеуге шақырады.

Ұлы жүз Албан руының кимешегін қарап отырып, оның ғасырлар бойы сақталған әсемдігі мен өзіндік стилін бағалайсыз. Бұл зат өткен дәуірлердің рухы мен сол кездегі адамдардың талғампаздығын көрсететіні анық. Өскелең жас ұрпаққа бабаларымыздан қалған осындай көне жәдігерлерді көрсету арқылы өткен тарихын ұмыттырмау үшін мұражайға апаруға тиіспіз деп санаймын..

Қобланды АБЕНОВ 

Шабуылдау батальонының мерзімді қызмет сарбаздары шартты қарсыластың көзін жойды

Алдыңғы

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *