Жаңалықтар

ТӘУЕЛСІЗДІК…

— «Ей Қобланды, тұр түс болды ғоғ.оБүгін мереке Тәуелсіздік күні» деген сөзден ұйықтап жатқан Қобланды оянып, апасына қарап:

— Апа, осы тәуелсіздік деген не?- деп сұрады, апасы күліп:

— Балам, «Тәуелсіздік – ұлы ұғым. Кешегі өткен ата — баба аңсауы және өзге ел сияқты жақсы өмір сүруге алған құқығың. Таңертең ұйқыдан оянып, жалғанды жалпағынан басып, үрей атаулыдан аулақ болып, емін-еркін ешкім «ей» демей, күнделікті тірлігімізге кіріскеніміздің өзі сол тәуелсіздіктің арқасы. Қазақта «Отансыз адам — ормансыз бұлбұл» деген сөз бар. Орманы жоқ құстың ұясы да, қонар бұтағы да жоқ. Дәл сол секілді тірлік кешу ортасы жоқ ұлттың өмір сүруі мүмкін емес. Арысы сонау қазақ хандығынан бастап, берісі егеменді елдің іргесіне дейінгі ұлы көш. Кешегі өткен Керей мен Жәнібек хандардың керген керегесін қастерлеп өтіп, келер ұрпаққа тапсыру бұл бүгінгілердің міндеті, әрі парызы деп білемін балам,- деп апа бір күрсініп тысқа шығып кетті. Бала Қобланды апасының айтқанын өзінше бала көңілімен қабылдағандай:

— Біздің қасиетті парызымыз екен ғой, тәуелсіздікті сақтау дегенің,- деп ойланып төсегінен тұрып жатыр. Ертеңгі шәйға отырған соң атасына қарап:

— Ата, сізді бүгінгі Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтаймын,- деді.  Атасы:

— О оны қайдан білдің сен бала, деп күлді.

— Ата, оны маған жаңа апам айтты, бүгін Тәуелсіздік күні және сол тәуелсіздікті сақтау біздің міндетіміз деді, сондықтан сіздің де міндетке кіреді,-  деп қызыл күрең шайды ішіп отырған атасына қарады. Атасы:

— Балам, тәуелсіздікті өткен ата – бабаң ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғаса, бүгінгі сендердің міндеттерің жақсы білім алып, Абай атаң айтқандай ертең осы елдің бір кірпіші болып қалануларың керек,-  деді. Атасына түсінбей қарап:

— кірпіш…ол қалай?-  деді.

— Балам, кез келген адам «өмір» атты теңіздің табалдырығын аттағаннан кейін өз орнын тауып, елі мен жеріне бағана апаң айтқан тәуелсіздіктің тұғырлы болуы үшін аянбай қызмет етуі керек. Елінің болашағы үшін кешегі өткен қылышынан қан тамған қызыл империядан қорықпай жан берген Әлихан,Сәкен, Мағжан, Міржақып пен Ахметтер…одан бері Қайрат, Ләззат, Ерболдардай ел сүйе білу керек дегенді жаңа ғана тәуелсіздігін алған елдің кірпіш болып қалануы дейді балам, — деген еді кезінде марқұм атам мен апам…

Сөз соңында айтпағым, бүгін күнтізбеде «Тәуелсіздік» мейрамы, қарап отырсам маған атам мен апам айтқандай көбісі елін сүймейтін секілді көрінеді. Елдің ақшасын жеп кетіпті деген хабарды оқыған сайын әлде оларға бала кездерінде еліңді сүй деп ешкім айтпады ма деген ойда болам көбіне…

Жарайды, ол басқа әңгіме…

Ұлт намысын оятқан, рухы от, жігері жалын қазақ халқын жаһанға жария еткен Ұлы мереке баянды болсын ағайын!

Бүгін 16 желтоқсан мереке болған соң… кезіндегі балалығым есіме түсіп жатыр жай…

Қобланды АБЕНОВ

ТАҒЫ ДА ЖЕЛТОҚСАН АЙЫ… 

Алдыңғы

Теңдессіз күн — Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *