ЖаңалықтарҚоғамМәдениетРуханият

«ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫМЕН – 2024» XII ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КІТАП ЖӘНЕ ПОЛИГРАФИЯ КӨРМЕСІ ӨТТІ

Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен және «Атакент-Экспо» Халықаралық көрме компаниясының ұйымдастыруымен «Ұлы Жібек Жолымен – 2024» XII Халықаралық кітап және полиграфия жәрмеңкесі басталды.

Көрмеге Қазақстан, Германия, Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Иран елдерінен баспагерлер, полиграфиялық компаниялар мен кітапханалар, сондай-ақ жазушылар қатысты.

Көрменің басты мақсаты – Қазақстандағы заманауи кітаптарды кеңінен тарату, отандық кітап ісін нығайту, баспагерлер мен полиграфистер арасында тәжірибе алмасу және ұлттық кітап нарығында отандық өндірушілердің орнын нығайту.

Сонымен қатар көптеген елдердің баспагерлік, полиграфиялық және кітап сатушы компаниялар арасында мәдени және іскерлік байланыстарды ұлғайту, елдер мен серіктес компаниялар арасындағы байланыстарды әрі қарай дамыту, полиграфия, кітап сату және кітап өндірісіне ең соңғы технологиялар енгізуді көздейді.

Көрме аясында Қазақстанның жетекші баспалары, оның ішінде «Атамұра», «Алматыкітап», «Мектеп», «Arman-PV», «Дарын», «Адал Кітап», «Smart University» баспаларының жаңадан шыққан кітаптарының тұсаукесерлері өтті. Оның ішінде Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Маралтай Райымбекұлының «Балбалтас» өлеңдер жинағы да бар.

Көрмеде баспагерлер, кітап сатушылар, әдеби агенттіктер мен полиграфиялық компанияларға арналған семинарлар мен дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды.

Халықаралық жәрмеңке 22 қарашаға дейін өтеді.

ҚР Ұлттық академиялық кітапханада Әкім Таразидің академиялық залы ашылды

Алдыңғы

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚҰНЫ 68 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ЖУЫҚ 10 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *