Жаңалықтар

Шымкент сарбаздары жаңа деңгейде

Шымкенттегі Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің бригадасында бөлімнің құрылғанына 41 жыл толуына арналған салтанатты іс-шара өтті. Бұл күн тек ардагерлер мен қызметтегі әскери қызметшілер үшін ғана емес, сонымен қатар өз қызметін аяқтап, запастағы әскери қызметшілер санатына ауысатын отыз мерзімді қызмет сарбаздары үшін де маңызды болды.

 

Іс-шараның маңызды сәті сол бригадада қызмет еткен 30 сарбаздың 8-і келісімшарттарға қол қойып, мансабын сол бөлімде жалғастыруы болды. Бұл армиядағы қызмет олардың болашақ мамандықтарын анықтауда бастапқы нүктеге айналғанын көрсетіп, сонымен қатар бөлімдегі жоғары дайындық деңгейі мен моральдық-психологиялық климаттың жайлығын айқындайды. Жастар болашақта өздеріне пайдалы болатын тәжірибе мен білім ала отырып, өз қызметтерін жалғастыруға тырысады.

Запасқа шығарылған жауынгерлердің арасында қатардағы жауынгер Қайсар Дәулетұлы Сұлтанқұлов та өзіне назар аударды. Ол «Срочники-2.0» бағдарламасы бойынша жоғары оқу орнына түсетін тегін оқу сертификатының иегері атанды. Бұл бағдарлама сарбаздарға әскер мектебінен өтіп, білікті даярлаудан өткен кадрлар құруға бағытталған. Қайсар Оңтүстік Қазақстан педагогикалық гуманитарлық университетінде оқуын жалғастырады, бұл ол үшін мәртебе мен одан әрі кәсіби өсу мүмкіндігі болып табылады.

Сондай-ақ, қатардағы Әлімжан Амановтың шешімін атап өту қажет, ол мақсатты түрде мерзімді қызметке шақырылып, соңында Т.Бегелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштері Әскери институтының курсанты болуды жоспарлады. Бүгінгі күні оның арманы орындалды. Осы жылдың қыркүйек айында Әлімжан «әскери инженер» мамандығын оқуды бастау үшін Ақтөбеге аттанды.

Бригада командирінінің міндетін атқарушы подполковник Мират Уашпаев қызметтен босатылған сарбаздарға қоштасу сөздерін айта отырып, бөлімнің барлық жеке құрамының атынан олардың өз борышын адал атқарғанына алғысын білдірді.

— Біз қызметін аяқтан жатқан сарбаздарымыздың әрқайсысын мақтан тұтамыз. Олардың еліміздің қауіпсіздігіне қосқан үлесін асыра бағалау мүмкін емес. «Срочники-2.0» бағдарламасы біздің жауынгерлер үшін жаңа көкжиектер ашуда, бұл олардың кәсіби маман ретінде дамуына және өсуіне мүмкіндік береді. Келісім-шарт бойынша қызметін жалғастыруға бел буған Әлімжан мен басқа да сарбаздар біздің әуе кеңістігіміздің сенімді қорғаушылары болатынына және армиямыздың болашағына елеулі үлес қосатынына сенімдіміз, — деп қорытындылады подполковник Мират Уашпаев.

Әскерге шақырылған сарбаздарды қолдауға арналған осындай бағдарламаның болуы мемлекеттің әскери қызметшілерге және олардың болашағына деген назарын тағы бір рет көрсетеді. Бұл халықтың білім деңгейін арттырып қана қоймай, армияның кадрлық әлеуетін нығайтуға да ықпал етеді. Қауіпсіздіктің заманауи сын-қатерлерін ескере отырып, жоғары білікті мамандарды даярлау ерекше өзекті мәселе екенін ұмытпаған жөн.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

TALENFORBIZ ҚАЗАҚСТАНДА: ӘЛЕМДІК ТҮРІК КОМПАНИЯЛАРЫ ЖАС ТАЛАНТТАРМЕН БІРІГЕДІ

Алдыңғы

«Жергілікті қорғаушылар: Қазақстанға аумақтық қорғаныс не үшін қажет және Заң елдің қауіпсіздігін қалай нығайтады»

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *