Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

Бүгін Түркістан облысы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Оған Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Мұрат Төлеубаев, құқық қорғау органдары мен басқармаларының басшылары мен аудан,қалалардың әкімдері қатысты. Күн тәртібінде үш мәселе қаралды.

Алдымен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау қорытындылары туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаментінің Превенция басқармасының басшысы Нұрлан Құдайбергенов пен облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаеваның баяндамалары тыңдалды.

Сыртқы талдау қорытындылары бойынша субсидияланатын жұмыс орындарына қаражаттың тиімсіз жұмсалу фактілері, атаулы әлеуметтік көмек бойынша негізсіз төлемдерді аудару, жеке көмекшілердің қызметтерін ұсыну кезінде, оңалтудың техникалық құралдарын жеткізу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталғаны, сондай-ақ оларды жою жөнінде тиісті ұсынымдар енгізілгені баяндалды.

Облыс әкімі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің маңызына тоқталды.

«Осы саладағы барлық кемшіліктерді жоюды тапсырамын. Біз білім беру саласын мұқият зерттеп, қаржылық бұзушылықтарды анықтадық. Енді жауапты құқық қорғау органдарымен бірге әлеуметтік саланың барлық мекемелеріне тексеру жүргізілуде. Барлық салаларда қаржылық жағдайға мониторинг жүргізіледі. Мемлекет бюджетінің әрбір тиыны тиімді болуы және өз мақсаттары үшін, ел мүддесі үшін жұмсалуы тиіс. Заңсыздыққа жол берілмейді. Басқармалардың басшылары, аудандар мен қалалардың әкімдері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты жандандырып, бақылауды күшейту қажет. Біз бұл мәселені үнемі қадағалап, тиісті жұмысты жалғастырамыз», деді Дархан Сатыбалды.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе – облыстағы «сақалды» құрылыс нысандары құрылысына қатысты жауапты тұлғаларға Ордабасы ауданындағы мектептер мен Төлеби ауданындағы көпір салу мәселесін аяқтау және реттеу бойынша тапсырмалар берілді.

Сонымен қатар отырыста №4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағытын іске асыру барысы қаралды.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Мұрат Төлеубаев мемлекеттік, бюджеттік және квазимемлекеттік мекемелерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша бірлескен жұмысты одан әрі жалғастыру қажет екенін, бұл мәселе тұрақты бақылауда тұрғанын атап өтті.

Мәжіліс қорытындысы бойынша облыс әкімі Дархан Сатыбалды мен комиссия мүшелері тарапынан жауапты басшыларға, аудандар мен қалалардың әкімдеріне тиісті тапсырмалар берілді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ВОПРОСЫ ПРОТИВОДЕЙСТВИЯ КОРРУПЦИИ НА ОСОБОМ КОНТРОЛЕ

 

Сегодня состоялось очередное заседание комиссии по вопросам противодействия коррупции при акимате Туркестанской области. В нем приняли участие аким Туркестанской области Дархан Сатыбалды, руководитель департамента Агентства РК по противодействию коррупции по Туркестанской области Мурат Тюлеубаев, руководители правоохранительных органов и управлений, акимы районов и городов.

На повестке дня рассмотрены три вопроса.

Сначала обсуждены итоги внешнего анализа коррупционных рисков в сфере занятости и социальных программ по которому заслушаны доклады руководителя Управления превенции областного департамента Агентства РК по противодействию коррупции Нұрлана Құдайбергенова и руководителя Управления координации занятости и социальных программ области Асии Темирбаевой.

По итогам внешнего анализа установлены факты неэффективного расходования средств на субсидируемые рабочие места, перечисления необоснованных выплат по адресной социальной помощи, коррупционные риски при предоставлении услуг индивидуальных помощников, при поставке технических средств реабилитации, а также внесены соответствующие рекомендаций по их устранению.

– «Поручаю устранить все недостатки в этой сфере. Мы внимательно изучили сферу образования и выявили финансовые нарушения. Теперь вместе с ответственными правоохранительными органами проводится проверка всех учреждений социальной сферы. Проводится мониторинг финансового состояния во всех сферах. Каждая копейка бюджета государства должна быть эффективной и расходоваться в своих целях, в интересах страны. Беззаконие недопустимо. Руководителям управлений, акимам районов и городов необходимо активизировать работу по противодействию коррупции. Усилить контроль. Будем постоянно следить за этим вопросом и продолжать соответствующую работу», – сказал Дархан Сатыбалды.

Второй вопрос повестки дня – ход строительства «объектов-долгостроя» области, где ответственным даны поручения по завершению строительства и урегулированию вопроса строительства школы в Ордабасинском районе, моста в Толебийском районе. Кроме того, на заседании рассмотрен ход реализации типового базового направления №4 «Профилактика и противодействие коррупции».

Руководитель Департамента Агентства РК по противодействию коррупции по Туркестанской области Мурат Тюлеубаев отметил, что в государственных, бюджетных и квазигосударственных учреждениях необходимо и дальше продолжать совместную работу по устранению коррупционных рисков, этот вопрос находится на постоянном контроле.

По итогам заседания ответственным руководителям, акимам районов и городов даны соответствующие поручения со стороны акима области Дархана Сатыбалды и членов комиссии.

Пресс-служба акима Туркестанской области

Атом энергетикасы саласында маман тапшылығы болмайды — Ғұмар Серғазин

Алдыңғы

Саябек Сахиев: АЭС – ғылым мен білімді дамытатын жаңа мүмкіндік

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *