Жаңалықтар

Оқу-әскери жиын Шымкенттің аумақтық қорғаныс бригадасында басталды

Шымкентте Қорғаныс министрлігінің жоспарына және Шымкент қаласы әкімінің қаулысына сәйкес запастағы жүз елу алты әскери қызметшіге арналған әскери жиын басталды. Олар он күнге созылады. Осы уақыт ішінде оқу бағдарламасын жақсы меңгергендерге кезекті әскери атақтар беріледі.

Жиындар оқу дабылынан басталды, содан кейін жергілікті әскери басқару органдары мен Шымкент қаласы әкімдігінің іс-қимылдары пысықталды. Барлық әскери міндеттілер жинақ пунктіне уақтылы келді, онда қажетті нұсқаулықтар мен нұсқамаларды алып, әскери командаларға қабылданды.

Оқу-жаттығу жиындарының мақсаты – әскери резервті жинақтап, мамандардың білімін жетілдіру, әскери міндеттілердің далалық білімін және олардың іс-қимылдарының үйлесімділігін арттыру. Аумақтық қорғаныс бригадасының командирі, әскери оқу-жаттығу жиындарына жауапты полковник Ержан Сартбаевтың айтуынша, жиын соңында көзге түскен қатысушыларға әскери атақтар беріліп, грамоталар табыс етіледі.

— Алғашқы күндерден бастап мемлекеттік-құқықтық, тактикалық, арнайы дайындық және атыс даярлығы бойынша сабақтар ұйымдастырылады. Олар стратегиялық объектілерді қорғауды ұйымдастыру, диверсиялық топтарға қарсы іс-қимыл, блокпосттарда қызмет атқару және т.б. мәселелерін пысықтайды. Сонымен қатар, біз жиында сабақтың әр минуты пайдалы болатындай етіп жоспарладық, — деп толықтырды аумақтық қорғаныс бригадасының командирі, полковник Ержан Сартбаев.

Теориялық және практикалық сабақтар «Ақтас» оқу полигонында ұйымдастырылады. Әскери жиын кезінде әскери міндеттілердің орташа жалақысы сақталатын болады. Сонымен қатар, арнайы төлем, тамақтану, киім-кешек және басқа да материалдық-техникалық жабдықтар қарастырылған.

Жиынға шақырылғандардың барлығы өз уақытында мерзімді әскери қызмет атқарғанын атап өткен жөн. Яғни, олардың әрқайсысында әскери қызметке тез бейімделуге көмектескен әскери өзек пен қатаю бар.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

БҮКІЛӘЛЕМДІК ТАЗАЛЫҚ КҮНІНЕ ОРАЙ СОЗАҚТА АУҚЫМДЫ СЕНБІЛІК ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Алдыңғы

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ҚОРҒАУ ДЕПАРТАМЕНТІ 40-ТАН АСТАМ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗГЕН

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *