Тіл – ұлттың жаны. Ал ұлттың болашағы – ол ана тілі. Әр адамның бойына ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, болмысы. Тілді қашанда ұлтпен бірге өмір сүретін оның мызғымас алтын діңгегі деп білемін. Өзін-өзі білетін, әрі силайтын халық алдымен өзінің туған тілін мақтан тұта білуі керек. Өйткені халықтың даналығы, жырлары, шежіресі сол халықтың ана тілінде жазылатыны сөзсіз.
Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі десек, менің ана тілім кешегі айбарлы хандар мен ауызын айға білеген билер, жыраулар, ақын — жазушылар сөйлеген – қасиетті қазақ тілі. Қазақ тілі – тәуелсіз Қазақ елінің мемлекеттік тілі. Халық боп жасағалы бері жан дүниеміздің айнасы, мәңгі құламайтын бәйтерегіміз іспеттес.
Кезінде әйгілі Мұстафа Өзтүрік ағамыз тіл туралы былай деген екен:
«Біз шеттегі қазақтар тіл білмейміз, Қазақстанға келіп тіл үйренеміз деп жүрсек, осы жердегі қазақтардың біразы тілден айырылып қалыпты. Ендеше біз кімнен үйренеміз? Тіл өте күшті нәрсе. Тіл жоғалса, ел жоғалатынын ұмытпау керек».
О, Ана тілім! Сен бізге ризасың ба, білмеймін, бірақ менің бар тірлігім – сенсің, мен сені сүйемін мақтан етемін. Дағыстанның халық ақыны Расул Ғамзатовша айтсам » Егер менің тілім ертең өлер болса, Мен бүгін өлуге дайынмын»…
PS: Сөз соңында айтпағым Музарттық Мейрамбек, Сәкен ағаларымыздың «ХАБАР » телеарнасындағы » ҚЫЗЫҚ TIMES» сазды бағдарламасында еліміздегі соңғы кезде ән сөздерінің шұбарлану туралы айтқандары өте орынды деп есептеймін, әрине естір құлақ болса..
Қобланды АБЕНОВ
Бағдарлама сілтемесі ⤵️⤵️⤵️
Comments