“AMANAT” партиясы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы М.Асилов пен аудандық партия филиалының төрағасы Қ.Қыстаубаев аудандық орталық ауруханадағы жүргізіліп жатқан күрделі жұмыстың барысымен танысты. Нысанның күрделі жөндеу жұмыстары 2023 жылдың желтоқсан айында 90% орындалған болатын. Жобаға 2023 жылы республикалық бюджеттен 1 616 млрд. теңге қаралып, 1 505 млрд. теңгесі игерілген, қалған 10% жергілікті бюджет есебінен қаралған.
Аурухананың негізгі ғимаратының жұмыстары 2023 жылдың желтоқсан айында толық аяқталған.
Сарыағаш аудандық орталық ауруханасы ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу бойынша 2023 жылғы 21 маусымында құрылыс саласындағы жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шарт түзілген.
Облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы тарапынан 2023 жылдың қараша айында тексеру жұмыстары жүргізіліп, кемшіліктер анықталған. «Құрылыс саласындағы жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы» 2023 жылғы21 маусымдағы № 279 шартқа және осы шарттың қосымшасы2023 жылғы 29 желтоқсанындағы № 279/2 келісімге сәйкес жалпы 21 689 457,31 теңгеге айыппұл салынған.
Қазіргі таңда, Б блогының 3 қабатындағы оталау бөлімін аяқтау жұмыстары кешігуде. Себебі оталау бөліміне қажетті құрал-жабдықтар шет елден жеткізілуі керек болатын. Қазіргі таңда қажетті құрал жабдықтар толығымен жеткізіліп, орнату жұмыстары жалғасуда.
«АГС-ПЛАСТ» ЖШС-не 2024 жылдың 22 сәуірінен бастап қалған соммадан күніне 0,1% айыппұл тұрақсыздығы ұстап қалатыны туралы ескертілді.
Жалпы жұмыс көлемін 20 мамырға толығымен аяқтау жоспарланып отыр.
«AMANAT» партиясы Сарыағаш аудандық филиалы
Comments