ӘлеуметМәдениет

АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛДА ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ (-1-)

«AMANAT» партиясы Түлкібас аудандық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінің жұмыс жоспарына сәйкес аудандық мәслихаттың депутаттары Қ.Қоқанбаев, С.Алимкуловтың жеке қабылдаулары өтті. «Ауыл аманаты», «Жер аманаты» жобалары, жұмысқа орналасу бағыттары, атаулы әлеуметтік көмек мәселелері талқыланды.
Айта кететін, «Ауыл аманаты» жобасының мақсаты:
Кәсіпкерлік бастаманы дамыту, ауыл тұрғындарын аграрлық бизнеске барынша тарту, азық-түлік қауіпсіздігіне және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға байланысты мәселелерді шешу.
Микрокредиттер алуға үміткерлер болып табылады:
1) жұмыссыздар;
2) жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеусіз кіріс алу мақсатында тауарларды өндіру (өткізу), жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету жөніндегі қызметті өз бетінше жүзеге асыратын тұлғалар және (немесе) жұмыс істемей тұрған жеке кәсіпкерлер;
3) отбасылық кәсіпкерлікте ақы төленбейтін қызметті жүзеге асыратын тұлғалар;
4) сату (айырбастау) үшін жеке қосалқы шаруашылықта өнім өндіру бойынша қызметті өз бетінше жүзеге асыратын, табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен тұлғалар;
5) «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қызметін жүзеге асыратын ауыл шаруашылығы кооперативтері;
6) ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлер.
Микрокредиттер үміткерлерге жеделділік, ақылылық, мерзімділік, қайтарымдылық, қамтамасыздық, нысаналы пайдалану қағидаттарын сақтай отырып мынадай шарттармен беріледі:
1) микрокредит мерзімі – 5 жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін микрокредит мерзімі – 7 жылға дейін;
2) микрокредиттің ең жоғары сомасы – 2,5 мың айлық есептік көрсеткішке дейін (9 млн. 230 мың.тенге), ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту үшін – 8,0 мың айлық есептік көрсеткішке дейін (29 млн. 536 мың.тенге)…

ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІЛДІ

Алдыңғы

АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛДА ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ (-2-)

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *