ӘлеуметҚоғам

ТҮРКІСТАН-КЕЛЕС: ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІЛДІ.

«AMANAT» партиясының фракция мүшесі Бекбаев Мақсат Тұрғынұлы Біртілек ауылдық округі әкімі Нұрымбетов Бахыт Жақыпұлымен кездесіп округтегі өзекті мәселелерді талқылады.
Сонымен қатар Біртілек ауылдық округі орталығында құрылысы жүріп жатқан 300 орындық «Жайлы мектепке» партиялық бақылау жүргізді.
Мектеп құрылысын «Шымкент Автоматика» ЖШС мердігер мекемесі жүргізуде, қазіргі таңда құрылыс басында 43 адам, 1 кран, 2 трактор, 3 камаз жұмыс істеуде.
Бақылау барысында мердігер мекеме басшысының орынбасары құрылысшылардың 40 пайызы жергілікті тұрғындар екендігі және құрылыс жоспарға сай жүргізіліп жатқандығын жеткізді.
«Шымкент Автоматика» ЖШС мердігер мекеме басшысының орынбасарына құрылыс нысаны «AMANAT» партиясының партиялық бақылауында екендігі түсіндірілді.
«AMANAT» партиясы Келес аудандық филиалы

ТҮРКІСТАНДА АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ БОЙЫНША СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ (-2-)

Алдыңғы

ТҮРКІСТАН КЕЛЕС: ЖАСТАР КЕЛЕС ӨЗЕНІНІҢ АРНАСЫН ТАЗАРТТЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *