«AMANAT» партиясы Келес аудандық филиалының фейзбук әлеуметтік желідегі парақшасына 18.04.2024 жылы шыққан мақаласына Абай ауылының тұрғыны Орынкүл Құрбанова өз өтінішін білдірген болатын. Келес аудандық мәслихатындағы «AMANAT» партиясының фракция мүшесі Жүзенов Амангелді Асқарұлы О.Құрбанованың өтінішін назарға алып, қандағы глюкоза деңгейін анықтауға арналған тест жолақтарының 2 қорабын жеткізіп берді. О.Құрбанова депутатқа өз ризашылығын білдіріп алғысын айтты.
«AMANAT» партиясы Келес аудандық филиалы
Comments