ӘлеуметҚоғам

ТҮРКІСТАН-КЕЛЕС: ПАРТИЯ БАСТАУЫШ ҰЙЫМДАРЫНАН ҚҰРАЛАДЫ

«AMANAT» партиясының Келес аудандық филиалы 3,5 мыңға жуық партия мүшелерінің басын қосқан 12 бастауыш партия ұйымдарын біріктірген құрылым болып табылады.
Бүгін «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Полат Мұратұлы Тұрсынбаев аудандағы «Ұшқын», «Қошқарата», «Жүзімдік» және «Абай» бастауыш партия ұйымдарының жиналыстарына қатысты.
Жиналыстар барысында бастауыш партия ұйым төрағалары 2023 жылы атқарған жұмыстары мен алға қойған мақсаттары жайлы есепті баяндамаларын жасады.
Төрағалар партия айқындаған басымдықтардың, сайлауалды бағдарламаның жол карталарының іске асырылуы, партиямыздың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Жер аманаты», «Ауыл аманаты», «Қарызсыз қоғам», «Ардагерлерді ардақтайық», «Құқықтық көмек» т.б. партиялық жобаларының іске асуы жайлы айтып өтті.
Жиында «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Полат Мұратұлы Тұрсынбаев, аудандық филиал төрағасы Ахмет Жұмабеков, аудандық маслихаттағы партия фракциясының депутаттары, партия мүшелерінің ұсыныстары мен сұрақтарына жауап берді.
Бастауыш партия ұйымдары төрағаларына фракция депутаттарымен, партия мүшелерімен, елдің белсенді азаматтарымен тығыз қарым-қатынас орната отырып партия жобаларының тиімді нәтижелі жұмыстарын кеңінен түсіндіру, қоғамдық қабылдауларды жүйелі ұйымдастыру, аумақта шиеленіс тудыратын саяси ахуал туралы жедел ақпарат беру, партия қатарына шынайы өмірлік ұстанымы бар беделді азаматтар мен еңбек адамдарын тарту, партия мүшелерінің есебін дұрыс жүргізу, партиялық іс-шараларды әлеуметтік желілер арқылы ақпараттық қолдау жасауды ұйымдастыру бағытында міндеттер жүктелді.
«AMANAT» партиясы Келес аудандық филиалы

ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР 16 МЕМЛЕКЕТ АРАСЫНДА ҮЗДІК АТАНДЫ

Алдыңғы

ТҮРКІСТАН-КЕЛЕС: ФРАКЦИЯ МҮШЕСІ ӨТІНІШТІ ОРЫНДАДЫ.

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *