ӘлеуметҚоғам

ТҮРКІСТАН-КЕЛЕС: «АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»!

«AMANAT» партиясы Келес аудандық филиалы жанынан құрылған «Jastar ruxy» еріктілер және Келес аудандық әкімдігінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің волантерлары «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы және «Өнегелі ұрпақ» апталығы аясында жалғыз басты Анаға аулалары мен үй-жайларын тазалауға қолғабыс берді.
Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа жан риза» дегендей, ауылымыздың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну мақсатында, сауабы мол іске ат салысу – әрбір адамның азаматтық парызы. Адам өміріндегі ең игі істердің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау үшін қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды, жәнеде Аналарымыздың келе жатқан мерекесімен құттықтап, аудан жастарына деген өз батасын берді.
Сізде ерікті болып көптің көңілінен шығатын іске үлес қосқыңыз келсе аудандық Жастар ресурстық орталығының «Jastar ruxy» еріктілері сіздерді күтеді!
«AMANAT» партиясы Келес аудандық филиалы

Шымкентте республикалық ғылыми-әдістемелік конференция өтті

Алдыңғы

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ НҰРБОЛ ТҰРАШБЕКОВ ТҰРҒЫНДАРҒА ҮНДЕУ ЖАРИЯЛАДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *