«AMANAT» партиясы Түлкібас ауданының 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасы аясында Түлкібас ауданы, Майлыкент округіне қарасты Бахыбек (Кезен) ауылында 300 орындықты мектеп құрылысының жұмыстарына кезекті партиялық бақылау мониторингі жүргізілді. Зерделеу жұмыстарына филиалдың атқарушы хатшысы Е.Жүнісов, нысанға жауапты етіп бекітілген фракция мүшесі Қ.Қоқанбаев, аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Н.Ештаев нысан басына барып, жұмыс барысымен танысып қайтты. Мектептің құрылыс барысымен «ARKUA GROUP» ЖШС прорабы Н.Аширбеков таныстырды. Ғимараттың құрылысы қазіргі таңда 80%-ға аяқталған. Нысан басында 35 жұмысшы тартылған. Ғимараттың А, Б, В блоктарының сыртқы қабырғасының жұмыстары толығымен аяталған, ішкі бөлігінде қабырғаларын әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Су, жылы жүйесі іске қосылған, жарық жүйесін қосу жалғасын табуда, лифт орнатылған, мектепке қажетті жиһаздар жеткізілген. Жуық арада ғимараттың айналасын көгалдандыру жұмыстары қолға алынбақ. Аталмыш нысанның құрылысы а.ж. мамыр айының соңына дейін аяқталады деп күтілуде.
«AMANAT» партиясы Түлкібас аудандық филиалы
Comments