ӘлеуметҚоғам

ТҮЛКІБАСТА «ПАРКТЕР ШЕРУІ» ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Түлкібас ауданының орталық саябағында «Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығының» және аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен «Парктер шеруі – 2024» табиғатты қорғау акциясы өтті. Акцияға аудан әкімінің орынбасары Е.Орманов, «Ақсу-Жабағлы» мемлекеттік табиғи қорығының директоры С.Қынтаев, «AMANAT» партиясы Түлкібас аудандық филиалының атқарушы хатшысы Е.Жүнісов арнайы қатысып, сөз сөйлеп, жастарға іс-шараның маңыздылығын жеткізді.
«AMANAT» партиясы еліміздегі негізгі саяси күш ретінде қоғам алдындағы жауапкершілігін сезіне отырып, экологиялық проблемаларды шешу жолдарын ұсынып, нақты іс-шараларды қолға алуда. Оның ішінде «TAZALIKE» жобасы аясында жер жерлерде көшет отырғызу, тазалық жұмыстарын жүргізу және экологиялық проблемаларды тудыратын себептерді анықтап салдарымен күресуді жалғастыруда.
«Парктер шеруі – 2024» шарасының мақсаты – ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың негізгі мәселелерін және мемлекеттік табиғи қорығы қорының нысандарын сақтап қалуға жалпы жұртшылықтың назарын аудару. Табиғаттың қаймағы бұзылмаған керемет орындарын қаз қалпында сақтап, келешек ұрпаққа табыс ету.
Аталған шараға аудан жастары белсене қатысып, көпшілікті қоршаған ортамызды қорғауға, табиғатты аялауға атсалысуға шақырды. Акция барысы тақырыпқа сай концерттік бағдарламамен жалғасып, шара соңы орталық саябақ аумағын көгалдандыру мақсатында тал көшеттерін отырғызумен түйінделді.
Айта кетсек, «Парктер шеруі» табиғат қорғау акциясы АҚШ-тан бастау алып, әлемнің көптеген елдерінде 1990 жылдан, ал Қазақстанда 1996 жылдан бастап ұйымдастырылып келеді.
«AMANAT» партиясы Түлкібас аудандық филиалы

БІЗДІҢ КҮШІМІЗ – БІРЛІКТЕ (-2-)

Алдыңғы

ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ МОНИТОРИНГІ ЖҮРГІЗІЛДІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *