«AMANAT» партиясы Түлкібас аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары Жанесен Марат Сүгірәліұлының жеке қабылдауы болып өтті. Қабылдауға келген тұрғындар тұрғын үй салу үшін берілетін жер учаскелерін алу, кезінде мемлекет тарапынан коммуналды жалдамалы түрде берілген тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу және жекешелендіру мәселелерін қозғады.
Қоғамдық қабылдауда көтерілген бірқатар мәселелер бақылауға алынып, шешу үшін аудан әкімінің орынбасары Марат Сүгірәліұлы тарапынан ЖКХ бөліміне тапмырмалар жүктелді.
«AMANAT» партиясы Түлкібас аудандық филиалы
Comments