Жаңалықтар

Түркістанда «АЙБЫН-2024» әскери-патриоттық сайысы өтті

Еліміздің тұңғыш Қорғаныс министрі, Кеңес Одағының батыры, Халық Қаһарманы, армия генералы Нұрмағамбетов Сағадат Қожахметұлына 100-жыл толуын мерекелеу аясында Түркістан облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті және білім басқармасының «Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығының» ұйымдастыруымен Төлеби ауданы «Бәйшешек» жазғы сауықтыру легерінде «АЙБЫН-2024» облыстық әскери-патриоттық іріктеу сайысы өткізілді.

Жарыстың ашылуына Түркістан облыстық Қорғаныс істер жөніндегі департаменті бастығының орынбасары Жандос Күлдербаев, облыстық білім басқармасы «Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығының» өкілдері, «Қарулы Күштерінің ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігі мен жергілікті соғыс ардагерлері қатыстысып жас сарбаздарға сәттілік тілеп жылы лебіздерін білдірді.
Жалпы жарысқа аудан, қалалардан барлығы 17 командадан құралған 255 жасөспірім қатысты. Белтемірге тартылу, арқада жатып кеудені көтеру, әскерилендірілген кросс, арқан тарту, пневматикалық мылтық ату, АК-74-ті жартылай шашу мен жинау, жамылғы түріндегі жалпы әскери қорғаныс киімін кию сынды жарыс түрлерінен жастар бақ сынады.
— Болашақ ел сарбаздарын жастайынан жауынгерлікке баулу, олардың бойына отаншылдық ерлік рухты қалыптастыру қазақстандықтардың ортақ парызы, тікелей міндеті болып табылады. Жыл сайын ұйымдастырылатын бұл шараға алдыңғы жылдармен салыстырғанда нәтижелер анағұрлым жақсы деуге болады. Тартысты өткен іріктеу сайысынан анықталған 10 ер баламыз бен 5 қыз бала алдағы халықаралық сайыста жақсы нәтижелер көрсетеді деп сенемін, – дейді Қорғаныс істер жөніндегі департаменті бастығының орынбасары подполковник Жандос Күлдербаев.
«Айбын» облыстық әскери-патриоттық жастар жиынының қорытынды бойынша І орын – Арыс командасына бұйырса, ІІ орынды – Кентаулықтар жеңіп алды, ал үздік үштікті Түлкібас ауданының құрамасы тұрақтады.
Жарыс жеңімпаздарына дипломдар мен медальдар табысталды. Жарыс жеңімпаздары маусым айында Құрлық әскерлерінің әскери институтының базасында өткізілетін халықаралық кезеңге жол тартады.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

ФИЛИАЛ ТӨРАҒАСЫ САЙРАМ АУДАНЫНДАҒЫ ПАРТИЯЛАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ (-2-)

Алдыңғы

«КИЕЛІ МЕКЕН»: МАҚТААРАЛДА ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН МЕМОРИАЛДЫҚ КЕШЕНДЕ СЕНБІЛІК ӨТТІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *