ӘлеуметҚоғам

Таза Қазақстан акциясы жалғасуда

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 6 сәуір және 11 мамыр арасында өткізілетін “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы «AMANAT» партиясы Сайрам аудандық филиалының атқарушы хатшысы Қ.Сыздықов, Ауданның бас имамы Арыстан қажы және Құтарыс ауыл округ тұрғындарының қатысуымен ауыл көшелерінде көктемгі тазалық жұмыстарын жүргізумен өз жалғасын тапты.
Туған жердің тазарып, көркейіп гүлденуі — баршаға ортақ.
Бұл акцияның мақсаты: Өзіміздің аулаларымызды таза ұстап, табиғатты аялап, артық қоқыс заттардан арылту. Тазалық жұмыстарын өз туған өлкемізден бастау.
8 сәуірде елімізде республика бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бастау алды. Науқан бес аптаға созылады және әр аптаның өзіндік тақырыбы мен нақты мақсаты бар. Олар:
— «Таза өлке». Бірінші аптада елді мекендердің тұрғындары, қоғам қайраткерлері, ұйымдардың қызметкерлері өз аумағындағы аулаларды тазалайды.
— «Киелі мекен». Екінші апта тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын абаттандыруға арналады.
— «Жасыл аймақ». Үшінші аптада көшет отырғызу, ағаштарды әктеу жұмыстары жүргізіледі.
— «Өнегелі ұрпақ». Акцияның төртінші аптасында ардагерлердің аулалары мен қарттар үйінің аумағын тазалау, абаттандыру көзделеді.
— «Мөлдір бұлақ». Акцияның қорытынды, бесінші аптасында өзендер мен көлдер қоқыстан тазартылады.
Туған жердің тазарып, көркейіп гүлденуі — баршаға ортақ.
Бұл акцияның мақсаты: Өзіміздің жұмыс орнымызды таза ұстап, табиғатты аялап, артық қоқыс заттардан арылту. Тазалық жұмыстарын өз туған өлкемізден бастау.

Таза Қазақстан

Алдыңғы

«ТАЗА ӨЛКЕ» АПТАЛЫҒЫ ЖАЛҒАСУДА

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *