ӘлеуметҚоғам

Таза Қазақстан

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 6 сәуір және 11 мамыр арасында өткізілетін “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында «AMANAT» партиясы Сайрам аудандық филиалы қызметкерлері, партия белсенділері партия ғимараты айналасында көктемгі тазалық жұмыстарын жүргізді.
8 сәуірде елімізде республика бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бастау алды. Науқан бес аптаға созылады және әр аптаның өзіндік тақырыбы мен нақты мақсаты бар. Олар:
— «Таза өлке». Бірінші аптада елді мекендердің тұрғындары, қоғам қайраткерлері, ұйымдардың қызметкерлері өз аумағындағы аулаларды тазалайды.
— «Киелі мекен». Екінші апта тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын абаттандыруға арналады.
— «Жасыл аймақ». Үшінші аптада көшет отырғызу, ағаштарды әктеу жұмыстары жүргізіледі.
— «Өнегелі ұрпақ». Акцияның төртінші аптасында ардагерлердің аулалары мен қарттар үйінің аумағын тазалау, абаттандыру көзделеді.
— «Мөлдір бұлақ». Акцияның қорытынды, бесінші аптасында өзендер мен көлдер қоқыстан тазартылады.
Туған жердің тазарып, көркейіп гүлденуі — баршаға ортақ.
Бұл акцияның мақсаты: Өзіміздің жұмыс орнымызды таза ұстап, табиғатты аялап, артық қоқыс заттардан арылту. Тазалық жұмыстарын өз туған өлкемізден бастау.

ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

Алдыңғы

Таза Қазақстан акциясы жалғасуда

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *