ӘлеуметҚоғам

«ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК» ПАРТИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА

Бүгін, «АМАNАТ» партиясы Сайрам аудандық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінде, бекітілген қабылдау кестесі негізінде, аудандық мәслихат депутаттары, фракция мүшелері Мухиддин Сиддиков, Ғанишер Раимкулов, одан бөлек, Сайрам аудандық Полиция басқармасының бастығы Мұрат Ермековтің және аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль бөлімінің басшысы Баймырза Бисембаевтың тұрғындарды қабылдау бойынша бірлескен отырысы өткізілді.
Тұрғындардың жазылған мәселелері, тұрақты жұмысқа орналасуға, 7 баланың анасы алтын алқа алуы туралы, №6 Интернат мектебіне балаларын өткізуге, жол қауіпсіздік белгілерін орнатуға, №82 Б.Наметов атындағы мектебінің 6 сынып оқушысын жол бойында көлік қағып кеткені туралы, көшелердің шеттерінде жүруге арналған арнайы жол туралы, жаңадан соғылып жатқан Айнабұлақ атындағы ЖОМ құрылысы туралы, көп балалы аналарға арналған әлеуметтік бағдарламалар туралы, мансап орталығы арқылы басқа облысқа қоныстану туралы, заңгерлік көмектер және т.б арыз-шағым, ұсыныстар бойынша мәселелері қаралды.
Арнайы қабылдауға, тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық бөлімі, жер қатынастар бөлімі, ауылдық округтерінің әкімдері, дербес бөлімдер, білім бөлімі, мемлекеттік және жеке сот орындаушылары, заңгерлер, адвокаттар, аудандық орталық ауруханасы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, Сайрам Тазалық ЖШС және т.б бөлім басшылары қатысты.
Тұрғындардың көтерілген бір қатар мәселелері тыңдалып, шешу жолдары қарастырылды.

«БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ» ПАРТИЯЛЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА

Алдыңғы

ТҰРҒЫНДАР ҮШІН ӨТЕ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ЕКШЕЛДІ (-2-)

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *