ӘлеуметҚоғам

«БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ» ПАРТИЯЛЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА

Бүгін, Сайрам аудандық мәслихатының депутаты, «АМАNAT» партиясы фракциясының мүшесі Мунаввар Убайдуллаева, Сайрам ауданы тұрғындарына, көп балалы аналарға Рамазан айы қарсаңында азық-түлік себеттерін таратты. Одан бөлек, тұрғындардың ой-пікірлерін тыңдап, әлеуметтік мәселелер жөнінде тиісті көмектер көрсетілетін болды. Ораза қабыл болсын.
Айта кететін, маңызды әлеуметтік бастаманың бірі «Бақытты отбасы» партиялық жобасы.
— Мемлекет басшысының тапсырмасымен Парламенттегі партиялық фракциямен балалардың қауіпсіздігін қорғауды көздейтін жаңа заң жобасы әзірленді.
— «Баланы мектепке жинайық» қайырымдылық акциясымен 27 мыңнан астам көпбалалы отбасына көмек көрсетілді. Нәтижесінде 45 мыңға жуық бала партия қолдауымен мектепке қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған.
Қазақстандық отбасылар мен балалардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған шараларды күшейту және жағдай жасау мақсатында барлық өңірлерде 2324 жедел әрекет ету тобы жұмыс істейді, олардың құрамына 74 қоғамдық ұйым мен ҮЕҰ өкілдері кіреді.
Партияның қолдауымен 7 отбасын қолдау орталығы ашылып, оларда өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға жан-жақты көмек көрсетуде үкіметтік емес ұйымдар белсенді жұмыс істеуде.
Барлық өңірлерде ҮЕҰ-мен бірлесе отырып, көпбалалы, әлеуметтік осал отбасыларға, оның ішінде ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға көмек көрсету мақсатында қайырымдылық акциялары өткізілді.
Халықаралық отбасы күніне балалары халықаралық және республикалық олимпиадалардың, конкурстар мен байқаулардың жеңімпаздары атанған көп балалы отбасыларға мақсатты сапарлар ұйымдастырылып, 549-ға жуық бала қамтылды.
1 мыңнан астам көпбалалы және аз қамтылған отбасылар үйінде дәрігерлік кеңес беру арқылы жергілікті жерде медициналық тексеруден өтуде.
«Спорттық отбасы» көпбалалы отбасылар арасындағы спартакиадаға 2 мыңнан астам адам қатысып, 120-дан астам еңбек әулеті жеңіске жетті.
Жобаның белсенді серіктестері: «Дағдарыс орталықтары одағы» ҚҚ, «Право» ҚҚ, «Қазақстан әйелдері күштерінің альянсы» ҚҚ, «Бақытты бала» ҚҚ, «Асыл аналар» ҚҚ және т.б.

ТҰРҒЫНДАР ҮШІН ӨТЕ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ЕКШЕЛДІ (-1-)

Алдыңғы

«ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК» ПАРТИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *