«AMANAT» партиясының жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Республикалық кеңестің қаулысына сәйкес, партияның Түркістан облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Уәлихан Рахиев бастаған жұмысшы топ мүшелері Шардара, Отырар, Созақ және Түркістан қаласы аумақтарында 2021-2023 жылдары егілген ағаш көшеттерінің өнімділігі бойынша мониторинг жұмыстарын жүргізді. Мониторинг барысында анықталған кемшіліктер бойынша жергілікті атқарушы мемлекеттік органдарға ұсыныстар беріп, олардың орындалуын бақылауға алды.
Партияның облыстық филиалы партиялық бақылау инспекторы Асқар Еркінбековтің мәлімдеуінше, жасыл желекті қамту бойынша тал егу жұмыстарының атқарылуы, олардың өнімділігін қадағалауға арналған мониторинг жұмыстары облыстың барлық аудан, қалаларында жүргізіліп, оны іске асыруға облыстық, аудандық, қалалық партия филиалдары жанындағы партиялық бақылау комиссиялары жұмылдырылуда.
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі
Comments