ӘлеуметҚоғам

ЕГІЛГЕН ТАЛ-ТЕРЕК БАҚЫЛАНУЫ КЕРЕК (-1-)

«AMANAT» партиясының Сайлауалды бағдарламасын Түркістан облысында іске асыру жөніндегі Жол картасында өңірдің экологиялық ахуалын жақсарту жөніндегі міндеттер белгіленген. Партиямыздың саяси тұғырнамасында айқындалған экологиялық мәдениетті қалыптастырудың түпкі мәні – «жасыл экономиканы» орнықтыратын экологиялық саясатты ұстануға ықпал ету.
Сайлауалды бағдарламаның Жол картасында бес жылдық мерзім ішінде Түркістан қаласының айналасындағы жасыл белдеудің көлемін 5400 гектарға дейін ұлғайту міндеттемесі белгіленген. 2027 жылға дейінгі мерзімде кезең-кезеңімен іске асырылуы көзделген бұл жұмыстарды партияның өңірлік филиалы үйлестіріп, облыс әкімдігінің тиісті салалық басқармалары мен аудан әкімдіктері партия филиалы жанындағы кеңестердің мәжілістерінде, Түркістан облыстық мәслихатындағы партиялық фракцияның отырыстарында есеп береді.
Партияның облыстық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясы Сайлауалды бағдарламаның Жол картасында қамтылған индикаторлық көрсеткіштердің орындалуына қоғамдық бақылау жүргізеді. Партия өкілдері Түркістан қаласының айналасында жасыл белдеуді құру жұмыстарына, екпелердің өнімділігіне, оларды жерсіндіруге қатысты шаралардың атқарылуыне, толықтыру екпелерінің күтіп-ұстау талаптарының сақталуыне, жасыл желекті аймақтарға су жеткізу міндеттерінің орындалуына мамандармен бірлесе мониторинг жұмыстарын атқаруда…

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ Қ.К.ТОҚАЕВ: ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ БІРЛІГІ КҮНІ-ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БІРЛІГІНІҢ АЙҚЫН БЕЙНЕСІ,БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ,ТҰРАҚТЫЛЫҚ ИДЕЯЛАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН МАҢЫЗДЫ МЕРЕКЕ! (-1-)

Алдыңғы

ЕГІЛГЕН ТАЛ-ТЕРЕК БАҚЫЛАНУЫ КЕРЕК (-2-)

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *