ӘлеуметҚоғам

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ ОРАЙ СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТТІ

28 сәуір — Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні. Бұл күні жыл сайын түрлі іс шаралар өткізіліп атап өтілуде. Жалпы қай еңбек саласы болсын, сол саланың өз қиыншылықтары бар. Бұл күннің маңыздылығы да сол — әр қызметкер өз саласының ең басты байлығы екендігін және өз саласында еңбек қауіпсіздігін сақтау жазатайым оқиғалардың алдын алатындығын түсінуінде.
Осы ретте атаулы күнге орай «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төраға орынбасары Айдар Бахтыбаев Төлеби ауданының білім бөлімінің «Алатау» жалпы білім беретін мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымында атаулы күннің маңыздылығын түсіндіру мақсатында семинар-кеңес өткізді.
Жиында Айдар Бахтыбаев «Семинардың басты мақсаты жұмыс орындарында жазатайым оқиғалар мен кәсіптік аурулардың алдын алуға жәрдемдесу, сондай-ақ еңбекті қорғау мәдениетін қалыптастыру және насихаттау болып табылады. Бүгінгі таңда еңбекті қорғау бұрынғыдан да өзекті, әрі маңызды. Өйткені ең басты құндылық адам денсаулығының қауіпсіздігін сақтау» — деп айтып өтті.
Сонымен қатар, биыл ҚР Кәсіподақтар федерациясының 2024 жыл — «Лайықты еңбек жылы» деп жариялауына орай, еңбеккерлерге еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау, техникалық инспекторлардың жұмысы мен өндірістік жазатайым оқиғаларды болдырмау басты назарда екенін алға тартты.
Кездесу соңында қатысушылар еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша өз ойларын ортаға салып, пікір алмасып, қойылған сұрақтарына жауаптарын алды.

ТҮРКІСТАН-КЕЛЕС: АРДАГЕРЛЕР МЕН АМАНАТТЫҚТАР АЛЛЕЯНЫ ТАЗАЛАДЫ.

Алдыңғы

ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІН АРТТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *