ӘлеуметҚоғам

ТҮРКІСТАН-КЕЛЕС: АРДАГЕРЛЕР МЕН АМАНАТТЫҚТАР АЛЛЕЯНЫ ТАЗАЛАДЫ.

Бүгін «AMANAT» партиясының Келес аудандық филиалының ұйымдастырумен елімізде өтіп жатқан «Таза Қазақстан» Республикалық акциясы аясында Келес ауданындағы соғыс ардагерлері мен «AMANAT» партиясының аудандық мәслихаттағы депутаттары сенбілікке шықты.
Шара барысында халық қалаулылары мен аудандағы Ауғанстан соғысы, Тәжік-Ауған шакарасы және Таулы Қарабақ қақтығыстарына қатысқан ардагерлер Абай ауылындағы «Ардагерлер» аллеясын белуардан асқан шөптерден тазартып, Ауғанстан соғысында қаза болған арадагерлерге орнатылған ескерткіш маңын ретке келтірді.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен республика бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бес аптаға созылады. Әр аптаның өзіндік тақырыбы мен нақты мақсаты болмақ.
«Таза өлке». Бірінші аптада елді мекендердің тұрғындары, қоғам қайраткерлері, ұйымдардың қызметкерлері өз аумағындағы аулаларды тазалайды.
«Киелі мекен». Екінші апта тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын абаттандыруға арналады.
«Жасыл аймақ». Үшінші аптада көшет отырғызу, ағаштарды әктеу жұмыстары жүргізіледі.
«Өнегелі ұрпақ». Акцияның төртінші аптасында ардагерлердің аулалары мен қарттар үйінің аумағын тазалау, абаттандыру көзделеді.
«Мөлдір бұлақ». Акцияның қорытынды, бесінші аптасында өзендер мен көлдер қоқыстан тазартылады.
Алдағы мамар айындағы «Халықтар бірлігі», «Отан қорғаушылар күні» және «Ұлы Жеңіс күні» үш бірдей айтулы мерекелер қарсаңында бүгін осы сенбілікке шығып отырмыз. Еліміздің келешегі жастарды отансүйгіштік-патриоттық және еңбек тәрбиелеріне баулу, оларға осы бағыттарда үлгі болу, біз ардагерлердің басты парызымыз» — дейді алды зейнет жасындағы, кішілері елуді еңсерген, сенбіліктен кейінгі аллеяның көркіне, өздерінің сенбілікке қосқан үлесіне риза болған ардагерлер.
Аллеяны тазалау жұмыстарына қатысқан партияның Келес аудандық филиалының төрағасы А.Жұмабеков пен фракция депутаттары ардагерлердің ауызбіршіліктері мен ынтымақтарына, жастарға үлгі болар іс-әрекеттеріне ризашылықтарын білдірді.
«AMANAT» партиясы Келес аудандық филиалы

“ТАЗА ҚАЗАҚСТАН”: АКИМ ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ СОВМЕСТНО С ЖИТЕЛЯМИ ПОСАДИЛ ДЕРЕВЬЯ В ПАРКЕ “ЖИБЕК ЖОЛЫ”

Алдыңғы

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ ОРАЙ СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТТІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *