ӘлеуметҚоғам

БАСТАУЫШ ҰЙЫМДАР БАЯНДЫ ІСТЕ БІРІГЕДІ (-3-)

Сондай-ақ, бастауыш партия ұйымы Кентау қалалық мансап орталығымен бірлесе «Табысқа апарар жол» акциясын өткізіп, оның қорытындысымен «Кедергісіз келешек» партиялық жобасымен мүмкіндігі шектеулі 3 тұрғын осы білім ұясына тұрақты жұмысқа орналасуға мүмкіндік алғанын жеткізді. Байылдыр елді мекенінің тұрғындары көптен көтеріп жүрген айналма жол салу мәселесін оң шешім табуына Түркістан облыстық мәслихатының депутаты ретінде үлкен үлес қосып жатқан Қалыйма Жантөреқызына ризашылығын жеткізді.
Аталған бастауыш партия ұйымдарының барлығы білім беру мекемелерінің жанынан құрылғанына назар аударған Қалыйма Жантөреқызы ұлттың жаңа сапасын қалыптастыруда педагог мамандарға үлкен үміт артылатынын жеткізді. Мемлекет басшысы айқындаған «Адал азамат» ұғымы бұқара санасына сәуле шашуды, мәдениетімізді көтеруді, орнықты азаматтық пайым мен парасаттылықты қалыптауды мақсат тұтатынын айтып өтті. Қыз баланың тәрбиесі – ұлт тәрбиесінің өзегі екеніне назар аударып, ұл баланың тәрбиесі – адалдықтың ұстыны екеніне көңіл бөлді. Өзін өзі жетілдірген, жақсы қасиетке ұмтылған қоғам ғана өркениетті бола алатынын айта отырып, партияның бастауыш ұйымдары адал қоғам құруға бір кісідей үлес қосады деген сенімін білдірді.
Кентау қаласына жасаған жұмыс сапары аясында Қалыйма Жантөреева бастаған партияластар қаладағы Абай көшесі бойындағы тұрғын үйлер ауласын абаттандыру жұмыстарын аралап көрді. Сондай-ақ Қарнақ елді мекеніндегі ортағасырлық тарихи ескерткіш – Имам Бахилидің кесене аумағын туристік нысан ретінде ілгерілетудің мүмкіндіктерін зерделеді. Осы кешен аумағындағы «Мажратұт ағашы» (шежіре тұты) құндылығының қорғалу ахуалымен танысты. Ағаш дінінің диаметрі 3 метрді, биіктігі – 9 метрді құрайтын тұт ағашының жасы шамамен 1 мың жыл деп айтылады. Бұтағында тіршілік нәрі сезілетін ағаш талай ғасырлардың, тарихи оқиғалардың тірі куәгері болған биоескерткіш санатында киелі Түркістан топырағының шежірелі тарихын білдіреді деп білеміз. Нысанның туристік әлеуетін арттыру мүмкіндіктері алдағы жұмысымыздың маңызды бағыты болады деген сенімдеміз.
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

БАСТАУЫШ ҰЙЫМДАР БАЯНДЫ ІСТЕ БІРІГЕДІ (-2-)

Алдыңғы

СТРАТЕГИЯЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР НЫСАНДАҒЫ ҚАЙТА ҚҰРЫЛЫМДАУ ЖҰМЫСТАРЫ – ПАРТИЯ БАҚЫЛАУЫНДА

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *