ӘлеуметҚоғам

БАСТАУЫШ ҰЙЫМДАР БАЯНДЫ ІСТЕ БІРІГЕДІ (-2-)

Осы мазмұндағы жүздесу Қарнақ елді мекенінде жалғасып, «Үркер» жекеменшік мектебінде жұмыс жүргізетін «Қарнақ» бастауыш партия ұйымының белсенділерімен еркін форматтағы кездесу өтті. Бастауыш ұйымның төрағасы, осы білім беру ұйымының басшысы, Кентау қалалық мәслихатының депутаты Бекзат Хабибов жергілікті партия мүшелерінің атқарып жатқан жұмыстарын баяндап өтті. Ұйым 500-ден астам партия мүшесін біріктіретінін айтып, оның алаңында облыстық және қалалық мәслихаттар депутаттарының қатысуымен 9 қоғамдық қабылдау өткенін мәлімдеді. Депутаттық корпустың өкілдеріне жергілікті тұрғындардан 47 арыз-өтініш түскенін, оның 51 пайызы оң шешімін тапса, қалғандарына заң аясындағы кеңестер берілгенін жеткізді. Ауыл тұрғындарының көптен күткен басты мәселесі – мәдениет үйін салу мәселесі екенін айта отырып, осы нысанның құрылысын партияның Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасына енуіне ықпал еткен Қалыйма Жантөреқызына елді мекеннің барша тұрғындары атынан ризашылығын білдіріп, алғыс айтты.
Партияластардың жұмыс жиыны одан әрі Байылдыр елді мекенінде жалғасын тапты. Мұнда Сұлтанбек Қожанов атындағы жалпы орта мектебінде «Байылдыр» бастауыш партия ұйымының белсенділерінің қатысуымен жиын өтті. Ұйымның жетекшісі, осы білім ұясының директоры, Кентау қалалық мәслихатының депутаты Ұлбала Мұсаханова бастауыш ұйымның алаңында 6 қоғамдық қабылдау өткенін баяндап, тұрғындар көтерген 14 мәселе назарға алынғанын жеткізді. Азаматтар негізінен ауыз су, жол мәселелерін, көшелерге арық жүйелерін орнату, қажетті инфрақұрылыммен қамту мәселелерін көтергенін айтып өтті.
Байылдырлық тұрғындар білдірген сұраныстардың бесеуі оң шешімін тапса, тоғыз мәселе бойынша заң аясындағы кеңестер берілгенін мәлімдеді…

ҰСТАЗДАР АРАСЫНДА ҮСТЕЛ ТЕННИСТЕН ТУРНИР ӨТТІ

Алдыңғы

БАСТАУЫШ ҰЙЫМДАР БАЯНДЫ ІСТЕ БІРІГЕДІ (-3-)

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *