ӘлеуметҚоғам

ҚАСИЕТ ҚОНҒАН ҚҰТ МЕКЕН – ПАРТИЯ НАЗАРЫНДА (-1-)

«AMANAT» партиясының Түркістан облыстық филиалы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Киелі мекен» апталығының алғашқы күнінде «Кемеқалған» монументі аумағын шаң-тозаңнан тазарту, әктеу-сырлау жұмыстарын жүргізді. «ТазаLIke» партиялық жобасы шеңберіндегі іс-шараға облыстық партия филиалының «Жастар рухы» жастар қанаты бастамашыл болды. Игілікті іске осы жобаның жетекшісі, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Динара Егамбердиева, партияның Қазығұрт аудандық филиалының атқарушы хатшысы, Қазығұрт аудандық мәслихатының депутаты Есімхан Исақұлов, 100 шақты белсенді жас қатысты.
Партияның облыстық филиалының төрағасы, Түркістан облыстық мәслихатындағы партиялық фракция жетекшісі Алтынсары Дүйсенбекұлы Үмбетәлиев акцияға үлесін қосып жатқан барша азаматқа алғысын білдіріп, экожүйені сақтау мен қорғау партиямыз белгілеген басты міндеттің бірі екенін атап өтті. Туған жерді түлетуге жанашырлық танытып жатқан партияластарымыздың қатары қалың екенін айта отырып, олардың барлығы да қолдан келер көмектен аянып жатпағанын алға тартты. Кешен аумағындағы қоғамдық мүлікті сырлап, таза қалпында ұстауға, ағаштарды әктеуге қажетті заттардың барлығы аманаттық өкілдердің күш біріктіруімен алынғанын жеткізді.
Партия филиалының жастар қанатының жетекшісі Жансерік Жұман экологиялық акцияға жастарымыз ерекше жігермен жұмылғанын айтты. Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи халықаралық қазақ-түрік университетінің студенттері тарихымызда өзіндік орны бар киелі Қазығұрт тауының баурайын көркейтуге құлшына кіріскенін айтты. Бұл бастамамыз экологияны сауықтыруға ғана емес, тарихи орындарға қамқор болуға үндеп, туған жерді түлету – перзенттік парыз екенін айшықтайды деп атап өтті…

ТҮЛКІБАСТАҒЫ ӨЗБЕК ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІГІ МЕН АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ АҚТӨБЕГЕ 28 ТОННА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРДІ

Алдыңғы

ҚАСИЕТ ҚОНҒАН ҚҰТ МЕКЕН – ПАРТИЯ НАЗАРЫНДА (-2-)

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *