АймақӘлеуметЖаңалықтарҚоғам

ТҮЛКІБАСТАҒЫ ӨЗБЕК ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІГІ МЕН АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ АҚТӨБЕГЕ 28 ТОННА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРДІ

Қазақстан халқы Ассамблеясының Түркістан облысындағы этномәдени бірлестіктері су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің тұрғындарына белсене көмек көрсетуде.

Осы орайда, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жүректен жүрекке» акциясы аясында Түлкібас аудандық өзбек этномәдени бірлестігі қайырымдылық шарасына өз үлестерін қосты.

Аудандық өзбек этномәдени бірлестігінің бастамасымен және Рысқұлов ауылдық округі, Азаттық елдімекеніндегі тұрғындардың атсалысуымен 1 жүк көлігіне тиелген 28 тонна гуманитарлық көмек бүгін Ақтөбе облысына жөнелтілді. Аталған жүк көлігінде азық-түлік, санитарлық тазалыққа және құрылысқа қажетті заттар бар.

– Білесіздер, еліміздің батыс өңірінде табиғи апат орын алып, 10 өңірде төтенше жағдай жарияланды. Су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр. Тиісті шаралар атқарылып жатқанымен қауіп әлі де сейіле қойған жоқ. Біздің күшіміз – бірлікте. Осындай қиын-қыстау кезеңде түлкібастықтар қиналған отандастарымызға мүмкіндігінше қолдан келген көмегін көрсетіп жатыр. Бұл – біздің азаматтық парызымыз, — деді Түлкібас аудандық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Журат Анаров.

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің баспасөз қызметі

ҚАЗЫҒҰРТТЫҚТАР «КИЕЛІ МЕКЕН» АПТАЛЫҒЫН «КЕМЕҚАЛҒАН» МОНУМЕНТІН АБАТТАНДЫРУДАН БАСТАДЫ

Алдыңғы

«КИЕЛІ МЕКЕН»: САЙРАМДА ТАРИХИ ОРЫНДАР МЕН ЕСКЕРТКІШТЕР АЙМАҒЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *